2022 жылдың 9 айы бойынша 6983 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде берілгені – 4640, бас тартылғаны – 2343;
Барлық көрсетілген 6983 мемлекеттік қызметтің -
1) клиникалық тәжірибеге рұқсат үшін маман сертификатын беру – 6827, оның ішінде берілгені - 4534, бас тартылғаны- 2293;
2) медициналық қызметке лицензия мен қосымша беру – 156, оның ішінде берілгені - 106, бас тартылғаны- 50;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын бұзу фактілері тіркелмеді. Мемлекеттік қызмет сапасы туралы шағымдар болмады. Қызмет алушыларының құқықтары бұзылмады. 2022 жылдың 9 айы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетудің нормативтік мерзімдері бұзылған жоқ. Барлық қызметтер «E-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорының ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылды.
Бөлім басшысы С.Мукатаев