"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № ҚР ДСМ-58 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шiлдеде № 23416 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы №71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы |
А. Цой |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) асептикалық жағдайлар – технологиялық үдерістің барлық кезеңдерінде дайын өнімге микроорганизмдердің немесе механикалық бөлшектердің түсуін болдырмайтын, стерилді дәрілік заттарды дайындау жағдайлары;
2) аквадистиллятор (дистиллятор) — суды тазартуға арналған құрылғы;
3) асептикалық кешен - жуатын, стерильдейтін ыдыстардан, ассистенттік, шлюзі бар өлшеп-орайтын, орайтын, стерильдейтін дәрілік түрлерден тұратын үй-жайлар жиынтығы;
4) медициналық-санитариялық алғашқы, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті (бұдан әрі – дәріхана пункті) – халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйесіне жатқызылатын дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объект;
5) дәріхана – халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйесіне жатқызылатын дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объект;
6) дәріхана қоймасы – денсаулық сақтау жүйесіне жататын және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объект;
7) дәрілік зат – адамның организмімен байланысқа түсетін, адамның ауруларын емдеуге, олардың профилактикасына немесе фармакологиялық, иммунологиялық не метаболизмдік әсер ету арқылы оның физиологиялық функцияларын қалпына келтіруге, түзетуге немесе өзгертуге немесе адамның аурулары мен жай-күйін диагностикалауға арналған зат не оларды қамтитын зат не заттардың комбинациясын білдіретін зат;
8) дәрілік заттың сапасы – фармацевтикалық субстанция (активті фармацевтикалық субстанция) мен дәрілік препараттың нысаналы мақсатқа сәйкестігін қамтамасыз ететін қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы;
9) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілер – дәріхана, оның ішінде Интернет арқылы өткізуді жүзеге асыратын дәріхана, денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған, дәріханадан ұйымдастырылған жылжымалы дәріхана пункті, дәріханалық (дистрибьюторлық) қойма, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық бұйымдар дүкені, медициналық бұйымдар қоймасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру бойынша ұйымдар;
10) медициналық бұйымдар дүкені – халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы объект;
11) медициналық бұйымдар қоймасы – фармацевтикалық қызмет субъектілерін және денсаулық сақтау ұйымдарын қамтамасыз ету үшін медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объект;
12) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника;
13) оқшауланған блок – ғимараттың сәулет құрылымындағы бөлек кіретін есігі бар басқа үй-жайлардан металл, пластик материалдармен немесе шыны блоктармен оқшауланған үй-жайлар кешені (жиынтығы);
14) оқшауланған үй-жай – негізгі ғимарат құрылымындағы басқа үй-жайлардан металл, пластик материалдармен немесе шыны блоктармен оқшауланған үй-жай;
15) оптика дүкені – халықты медициналық оптика бұйымдарымен қамтамасыз ету мақсатында медициналық оптика бұйымдарын дайындауды және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объект;
16) санитариялық киім – шикізатты, қосалқы материалдар мен дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен ластанудан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы;
17) стерилділік – микроорганизмдердің барлық түрлерінің, олардың тіршілік әрекеті өнімдерінің және беткейлерде, жабдықтарда, дәрілік заттарда ыдырауының болмауы;
18) "Таза" үй-жайлар – механикалық бөлшектер мен микроорганизмдердің құрамы бойынша нормаланатын ауа тазалығы бар стерильді дәрілік заттарды дайындауға арналған өндірістік үй-жайлар;
19) шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті (бұдан әрі – жылжымалы дәріхана пункті) – ауыл тұрғындарына дәрілік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жабдығы бар автомобиль көлік құралы болып табылатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объект;
20) штанглас – бұл дәрі – дәрмектерді немесе қосымша заттарды сақтауға арналған дәріхана ыдысы (тығыны бар ыдыс).
2-тарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерді жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1) бөлек тұрған ғимараттарда;
2) тұрғын үй қорына кірмейтін ғимараттар құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда;
3) тұрғын үй қорына кіретін ғимараттар құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда орналасады.
1) медициналық ұйымға жататын аумақта бөлек тұрған ғимаратта;
2) медициналық ұйым ғимаратының құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда орналасады.
1) оқшауланған үй-жайларда;
2) үй-жай ішіндегі оқшауланған блокта орналастырылады.
Келушілерге қызмет көрсету аймақтары негізгі объектіде тиісті алаң бар болғанда және осы Санитариялық қағидалардың талаптары сақталған жағдайда оқшауланған блоктың үй-жайынан тыс орналастырылуы мүмкін.
Жылжымалы дәріхана пункті:
1) шкафтармен және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықпен;
2) санитариялық режимді сақтауға арналған дезинфекциялау хаттарымен және мүкаммалмен жабдықталады.
1) бөлек тұрған ғимараттарда;
2) тұрғын үй қорына кірмейтін ғимарат құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда орналасады.
3-тарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің үй-жайларын сумен жабдықтауға, кәріздеуге, желдетуге және жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмағанда сумен жылыту жабдықтарын орнату қамтамасыз етіледі.
4-тарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің үй-жайларына және жабдықтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Өндірістік үй-жайларды, технологиялық жабдықты дайындау осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Өндірістік жабдықты жинауға арналған таңбаланған жинау материалы дезинфекциядан және кептіргеннен кейін арнайы шкафтарда сақталады.
5-тарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердегі стерилдеу мен дезинфекциялауды жүргізу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Жуылған ыдыстың сапасын бақылау осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес тексеріледі. Жуылғаннан кейін ыдыс стерилденеді, тығындалады, стерилдеу бөлмесінде, іші ақшыл майлы бояумен боялған, пластикпен жабылған, тығыз жабылатын шкафтарда сақталады.
Стерилизаторлардың жұмысын физикалық әдіспен бақылау температураны (термометр, максималды термометр), қысымды (моновакууметр) және уақытын өлшеу құралдары арқылы жүргізіледі.
Химиялық бақылау әдісі химиялық тесттердің, термохимиялық және термоуақыт индикаторларының көмегімен жүргізіледі.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерде дәрілік заттардың микробиологиялық қауіпсіздігін бақылау осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Жұмыс үшін пайдаланылатын капсулалар, қалақшалар, жіптер, орап байлайтын резеңкелер ассистенттік (өлшеп-орайтын орын) үстелдің жәшіктерінде (жәшіктер күн сайын жуылады) сақталады. Қосымша материалдарды жабық шкафтарда, олардың ластануын болдырмайтын жағдайларда сақтайды.
6-тарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердегі персоналдың еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
|
|
"Дәрілік заттар мен |
Дәрілік заттар мен және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің құрамы мен аудандары
|
|
1-кесте |
|||||
|
№ |
Үй-жайлардың атауы |
Медициналық ұйымның дәрiханасы (ш.м) кемінде |
Дәрiлік заттарды дайындау бойынша (ш.м) кемінде |
Дайын дәрiлік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу бойынша (ш.м) кемінде |
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
1. |
Халыққа қызмет көрсету залы, оның ішiнде: |
- |
20 |
15 |
|
|
|
1) сөрелер мен персоналдың жұмыс орны орналасқан аймақ |
- |
8 |
7 |
|
||
|
2) халыққа қызмет көрсетiлетiн аймақ |
- |
12 |
8 |
|
||
|
2. |
Өндiрiстiк үй-жайлар: |
50 |
40 |
- |
|
|
|
1) медициналық ұйымдардың талаптарымен жұмыс істеуге арналған бөлме, сұраныстарды топтастыру |
10 |
- |
- |
|
||
|
2) ассистенттік, аналитикалық,дәрiханаiшiлiк дайындамаларға арналған ассистенттік бөлмелер |
12 |
12 |
- |
|
||
|
3) асептикалық (шлюзі бар) бөлме |
10 |
10 |
- |
|
||
|
4) дистилляциялау бөлмесi |
8 |
8 |
- |
|
||
|
5) жуу-стерилдеу бөлмесi |
10 |
10 |
- |
|
||
|
3. |
Сақтау үй-жайлары: |
30 |
30 |
9* |
|
|
|
оның ішінде қосалқы үй-жайлар |
5 |
5 |
5 |
|
||
|
4. |
Қосымша сақтау үй-жайлары: |
|
|
|
|
|
|
1) улы, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау |
4 |
4 |
- |
|
||
|
2) жанғыш, тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтау |
4 |
4 |
- |
|
||
|
3) дезинфекциялау құралдары мен қышқылдарды сақтау |
5 |
5 |
- |
|
||
|
5. |
Қызметтiк және тұрмыстық үй-жайлар: |
25 |
25 |
6 |
|
|
|
1) меңгеруші кабинеті |
|
|
|
|
||
|
2) персонал бөлмесi |
|
|
|
|
||
|
3) қызметкерлерге арналған гардероб |
|
|
|
|
||
|
4) жинау мүкәммалын сақтау қоймасы |
|
|
|
|
||
|
5) санитариялық торап |
|
|
|
|
||
* Егер дәріхана дайын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу бойынша улы, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізсе, көрсетілген құралдарды сақтау үй-жайлары негізгі сақтау үй-жайларының құрамына кіреді.
|
|
2-кесте |
|||
|
№ |
Үй-жайлардың атауы |
Дәріхана пункті (ш.м.) |
|
|
|
1 |
2 |
3 |
|
|
|
1 |
Дәріхана жабдығын және персоналдың жұмыс орындарын орналастыру аймағы |
16* |
|
|
|
2 |
Халыққа қызмет көрсету аймағы |
4 |
|
|
* Шалғайдағы ауылдық елді мекендер үшін дәріхана пунктінің ауданы кемінде 4 шаршы метр.
|
|
3-кесте |
|||
|
№ |
Үй-жайлардың атауы |
Дәрiхана қоймасы (ш.м.) кемінде |
|
|
|
1 |
2 |
3 |
|
|
|
1 |
Өндiрiстiк үй-жайлар: |
20 |
|
|
|
2 |
Негiзгi сақтау үй-жайлары, |
30 |
|
|
|
3 |
Қосымша сақтау үй-жайлары: |
|
|
|
|
1) улы, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар |
6 |
|
||
|
2) жанғыш, тез тұтанатын сұйықтықтар |
6 |
|
||
|
3) дезинфекциялау құралдары мен қышқылдар |
6 |
|
||
|
4 |
Қызметтiк және тұрмыстық үй-жайлар |
20 |
|
|
|
|
4-кесте |
||||||
|
№ |
Үй-жайлардың атауы |
Медициналық бұйымдарды өткізетін дүкен, ш.м. |
Оптика дүкені, ш.м. |
Дәріхана қоймасының медициналық бұйымдар бөлімі, ш.м. |
Медициналық бұйымдарды көтерме өткізу қоймасы, ш.м. |
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
1. |
Халыққа қызмет көрсету залы, оның ішінде: |
15 |
18 |
- |
- |
|
|
|
1) жабдықты және персоналдың жұмыс орындарын орналастыру аймағы |
өткізілетін өнімнің түр-түріне және көлеміне байланысты, бірақ кемінде 7 |
12 |
- |
- |
|
||
|
2) келушілерге арналған холл |
8 |
6 |
- |
- |
|
||
|
3) көзілдірікті оптика дайындау бөлімі |
- |
6 |
- |
- |
|
||
|
2. |
Қойма үй-жайлары: 1) медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауға арналған |
кемінде 9 |
- |
кемінде 10 |
кемінде 200 |
|
|
|
2) қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын сақтауға арналған |
- |
- |
- |
6 |
|
||
|
3. |
Жабдықтың, аппаратураның сапасын, жиынын және жұмыс істеуін тексеру бөлмесі |
12 |
- |
- |
16 |
|
|
|
4. |
Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар: |
6 |
6 |
- |
20 |
|
|
|
1) меңгеруші кабинеті |
|
|
|
|
|
||
|
2) персонал бөлмесі |
|
|
|
|
|
||
|
3) киім ілетін орын |
|
|
|
|
|
||
|
4) жинау мүкәммалын сақтау қоймасы |
|
|
|
|
|
||
|
5) санитариялық торап |
|
|
|
|
|
||
* Дәрілік және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілер жалға алынған үй-жайда орналастырылған жағдайда жалпы әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы қарастырылады.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілер қосымша қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде қосымша өндірістік және қойма үй-жайлары көзделуі тиіс.
Дәрiхана қоймасы субстанцияларды қайта өлшеп-орауды жүзеге асырған кезде мыналар көзделуі тиіс:
1) ауданы кемінде 20 ш. м. субстанцияларды қайта өлшеп-орауға арналған бөлме;
2) дистилляциялық-стерилдік – кемінде 10 ш.м.;
3) жуу бөлмесі – кемінде 12 ш.м.
|
|
"Дәрілік заттар мен |
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы объектілердің үй-жайларындағы температура және ауа алмасу жиілігі
|
|
Кесте |
|||||||
|
Р/с № |
Үй-жайлардың атауы |
Ауа температурасының рұқсат етілген шектері 0С |
Ауа алмасу жиілігі |
Табиғи ауа алмасу кезінде сыртқа шығару жиілігі |
|
|
||
|
Ішке сору |
Сыртқа шығару |
|
|
|
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
1 |
Халыққа қызмет көрсету залы |
16-25 |
3 |
4 |
3 |
|
|
|
|
2 |
Жұмыс үй-жайлары немесе қызмет көрсету залындағы оқшауланған жұмыс аймақтары, бекітілген емдеу ұйымының тапсырыстар қабылдауға және ресімдеуге арналған экспедициялық үй-жайлары |
18-25 |
2 |
1 |
1 |
|
|
|
|
3 |
Ассистенттік, дефекторлық, дәріхана ыдыстарын стерилдейтін, дистилляциялық, өлшеп-орау орындары |
18-25 |
4 |
2 |
1 |
|
|
|
|
4 |
Аналитикалық, стерилдік, қаптамасын ашу, жуу орны |
18-25 |
2 |
3 |
1 |
|
|
|
|
5 |
Асептикалық жағдайларда дәрілік нысандарды дайындауға арналған үй-жайлар |
18-25 |
4 |
2 |
Жол берілмейді |
|
|
|
|
6 |
Негізгі қорды: 1) дәрілік, таңып-байлау құралдары мен медициналық бұйымдарды |
18-25 |
2 |
3 |
1 |
|
|
|
|
2) дәрілік өсімдік шикізатын |
18-25 |
3 |
4 |
3 |
|
|
||
|
3) минералды су, медициналық және айналма көлік ыдыстары, көзілдіріктер мен оптика заттарын, қосалқы материалдарды таза ыдысты |
18-25 |
- |
1 |
1 |
|
|
||
|
4) улы, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды |
18-25 |
- |
3 |
3 |
|
|
||
|
5) жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды |
18 |
- |
10 |
5 |
|
|
||
|
6) дезинфекциялық құралдар мен қышқылдарды сақтау үй-жайлары |
18 |
- |
5 |
3 |
|
|
||
|
7 |
Қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар |
18-25 |
1 |
1 |
1 |
|
|
|
|
|
"Дәрілік заттар мен |
|||||||
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың саласындағы объектілердің үй-жайларын жарықтандыру нормалары, жарық көздері
|
|
Кесте |
||||
|
Р/с № |
Үй-жайлар |
Жұмыс беттерін жарықтандыру люкспен |
Жарық көзі |
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
|
1 |
Қызмет көрсету залындағы келушiлерге арналған алаң |
150 |
ЛШ |
|
|
|
2 |
Жұмыс үй-жайлары немесе қызмет көрсету залындағы оқшауланған жұмыс аймақтары, дәрiхана дүңгіршегі |
300 |
ЛШ |
|
|
|
3 |
Ассистенттiк, асептикалық, аналитикалық, өлшеп-орау орындары |
500 |
ЛШ |
|
|
|
4 |
Дистилляциялық, дәрiхана ыдыстарын стерилдеу және дәрiлік нысандарды стерилдеу, жуу орындары |
150 |
ЛШ |
|
|
|
5 |
Негiзгi қорды: дәрілiк, термолабильдiк және таңып-байлау құралдарын және медициналық бұйымдарды; таза ыдыстарды сақтау үй-жайлары |
150 |
ЛШ |
|
|
|
6 |
Дезинфекциялық құралдар мен қышқылдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтау үй-жайы |
75 |
ЛШ |
|
|
|
7 |
Медициналық және айналма көлік ыдыстарын сақтау үй-жайы |
10 |
ҚШ |
|
|
|
|
"Дәрілік заттар мен |
||||
Өндiрiстiк үй-жайларды, технологиялық жабдықты дайындау
1) жабдықтың дәрiлiк заттармен тікелей жанасатын алмалы-салмалы бөлiктерiн (тораптарын) алып, бөлшектеп және 600С температурадағы 0,5% жуу ерiтiндiсінде мұқият жуып, бірнеше рет ағынды сумен, содан соң тазартылған сумен шайған дұрыс. Шаятын суда арнаулы құралсыз көзге көрінетін механикалық қоспалардың болмауын бақылау ұсынылады. Қажет болған жағдайда жабдықтың алмалы-салмалы бөлiктерiн стерилдеу жүргізілетін автоклавтарда артық қысым 0,11 МПа (1,1 кгс/см2) және температура 120±10С болғанда 45 минут бойы, кейіннен қалдық қысым 0,07 МПа (0,7 кгс/см2) болғанда кемінде он минут кептіре отырып жүргізу ұсынылады;
2) жабдықтың iшкi бөлiктерiн температурасы 600С жуғыш заттың 0,5% ерiтiндiсiмен өңдеп, содан соң ағынды сумен, соңынан тазартылған сумен бірнеше рет шайған дұрыс. Жабдықтың бөлшектелмейтін бөлiктерiн стерилдеуді алпыс минут бойы (120±10С) температурада ыстық бумен жүзеге асыру ұсынылады. Қажет болған жағдайда (көлемдік үлесі 76%) этил спиртімен суланған салфеткамен сүрту қажет.
3) жабдықтың сыртқы беттерін үй-жайдың беттерін өңдегендей жолмен өңдеген дұрыс;
4) Қазақстан Республикасында тіркелген дезинфекциялық құралдарды қолдану оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.
|
|
"Дәрілік заттар мен |
Дәрiхана ыдыстарын стерилдеу және сақтау режімi
|
|
"Дәрілік заттар мен |
Объектілердің дәріхана ыдысын өңдеудiң технологиялық үдерісі
Қатты ластанған ыдысты одан ұзақ уақытқа (екі-үш сағатқа) салып қояды.
Бұрын қолданыста болған, халықтан немесе ауруханалардың инфекциялық бөлiмшелерiнен дәрiханаға келіп түскен дәріхана ыдыстарын дезинфекциялайды. Дезинфекциялау үшін Еуразиялық экономикалық одақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу туралы куәләқтердің Бірыңғай тізілімінде тіркелген қолдануға рұқсат етілген құралдар пайдаланылады.
Бір дезинфекциялау ерітіндісі бірнеше рет қолданылмайды. Дезинфекциялаудан кейін ыдысты ағынды су құбыры суымен дезинфекциялау құралының иiсi кеткенге дейін шаяды және осы қосымшаның 2-тармағында жазылған әдістемеге сәйкес жуу құралдарымен жуады.
|
|
"Дәрілік заттар мен |
Жуылған ыдыстың сапасын бақылау
Жуылған ыдыстың сапасын бақылауды бөгде заттың болмауын және сауыттың бүйiрлерiнен оны шайғаннан кейiн судың бiркелкi ағуын көзбен шолу арқылы жүргiзедi.
Қажет болған жағдайда синтетикалық жуу және жуу, дезинфекциялау құралдарының толық жуылғанын рН шамасы бойынша потенциометриялық әдіспен анықтайды (ыдысты соңғы шайғаннан кейiнгi судың рН бастапқы судың рН сәйкес келеді).
Шайғаннан кейiн оның ластануын болдырмау үшiн әрбiр сауытты және шөлмекті алюминий фольгамен жауып қояды.
Сыналатын жуылған сауытты тазартылған сумен шаяды (сауытты сумен толық толтырады). Жуған сумен мақта тампонын сулайды, оған фенолфталеиннiң спирттi ерiтiндiсiнiң бір-екі тамшысын тамызады.
Жуу құралдарының қалдығының болуы мақта тампонын қызғылт түске бояйды.
|
|
"Дәрілік заттар мен |
Өлшеп-оралған дәрiлік заттарды тығындауға арналған қалпақшалар мен тығындарды өңдеу және стерилдеу
Инъекциялық ерiтiндiлер мен көзге арналған тамшыларды тығындауға арналған алюминий қалпақшаларды жуу құралының ерiтiндiсiнде 15 минут бойы ағынды су құбыры суында (80±10)0С температурада жуады, 10 минут бойы (50±10)ºС температурадағы ағынды сумен шаяды, содан соң 15 минут бойы тазартылған сумен (30±10)ºС температурада шаяды. Таза қалпақшаларды бикстерге орналастырады және ауа стерилизаторында 50-60ºС температурада кептiредi. Бикстерде ашылған соң 24 сағаттан асырмай сақтайды.
Тығындарды 3 минут бойы қолмен немесе кiр жуу машинасымен (50-60) ºС 0,5% жуғыш заттардың ерiтiндiсiнде жуады (тығындар салмағы мен жуғыш заттар ерiтiндiсiнің қатынасы 1:5), әрбір кез оны таза және бір рет тазартылған сумен ауыстыра отырып құбырдың ағынды ыстық суымен бес рет жуады; 30 минут бойы 1% натрий гидрокарбонаты ерiтiндiсінде қайнатады; бір рет ағынды құбыр суымен және содан соң тазартылған сумен екі рет шаяды.
Содан соң шыны ыдыстарға орналастырады, тазартылған су құяды, сауытты тығындайды да тығындардың беттерiндегi күкiрттi, мырышты және басқа да заттарды кетiру үшiн 121 градустағы (1,1 атмосфера) бу стерилизаторында 1 сағат бойы ұстайды.
Жаңа полиэтилен тығындар ыстық ағынды су құбыры суымен бірнеше рет жуылады. Тығындар қатты ластанған жағдайда жуғыш заттарды қолдана отырып оларды алдын ала жуады. Содан соң тығындарды тазартылған сумен шаяды және сутегі пероксидiнiң жаңа дайындалған 6% ерiтiндiсiне 6 сағат бойы батырып қою арқылы стерилдейді, содан кейін тазартылған сумен жуып, (50-60)0С температурада ауа стерилизаторында кептiредi. Стерилденген тығындарды тығыз салынған тығындары бар банкаларда немесе бикстерде сақтау мерзiмi – 3 тәулiк.
Жаңа пластмасса тығындарды ағынды су құбырының ыстық суымен бiрнеше рет жуады және кептiргiш шкафта (50-60)0С температурада кептiредi. Кептiрiлген тығындарды жабық бикстерде сақтайды.
|
|
Дәрілік заттар мен медициналық |
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердегі дәрілік заттардың микробиологиялық қауіпсіздігін бақылау
1) тазартылған су;
2) стерилдеуге дейiнгi және одан кейiнгi инъекцияға арналған ерiтiндiлер;
3) стерилдеуден кейiнгі және стерилдiк негiзде асептикалық жағдайларда дайындалған көзге арналған тамшылар;
4) инъекциялар мен көзге арналған тамшыларға арналған ерiтiндiлердi дайындауға пайдаланылатын құрғақ дәрiлiк заттар;
5) дәрiхана ыдыстары, тығындар, аралық төсеуiштер, басқа да қосалқы материалдар;
6) мүкәммал, жабдықтар, персоналдың қолдары мен санитариялық киiмдерi;
7) ауа.
Дәрiханада тазартылған суға арналған құбыр болғанда сынама алуды ассистент пен провизор-технологтың үстелiндегi бюреткадан жүзеге асырады. Бұл ретте бюретканың ұшын спиртке малынған мақтаны тұтатып (алаумен) алдын ала күйдiредi. Тазартылған суға арналған құбыр болмағанда, сондай-ақ қанағаттанғысыз нәтижелер алынғанда тазартылған судың сынамасын су қабылдағыштан алады.
Құбырдың санитариялық жағдайын бағалау үшiн тазартылған судың сынамасын тiкелей құбырдан (құбырдың кез келген учаскесiнен) алуға болады.
Дәрiханалардың сауда залындағы көзге арналған тамшыларды медициналық ұйымдар мен халыққа босатылатын тікелей дәрiхана қаптамасында жеткiзедi. Көзге арналған тамшылардың үш-төрт түрін ассистент үстелiнен де, сөреден де алған дұрыс.
Шайындылар алу тәсiлiмен бақылауға жататын объектілердің бағдарлық тiзбесi:
1) провизор-технологтың жұмыс орны;
2) инъекцияға арналған ерiтiндiлер дайындайтын үстел;
3) көзге арналған тамшылар дайындайтын үстел;
4) провизор-технологтың құрғақ дәрiлік заттарды өлшейтiн таразылары;
5) инъекциялық ерiтiндiлер мен көзге арналған тамшылар бар ыдыстарды тығындауға арналған аралық төсеуiштер мен тығындарды сақтауға арналған ыдыстар, күбілер, бюреткалар, пластмасса пластинкалар;
6) таразылар;
7) ассистент бөлмесiндегi су краны;
8) персоналдың, оның iшiнде дәрілік нысандарды дайындау кезiндегi қолдары;
9) персоналдың қолдарына арналған орамал;
10) персоналдың санитариялық киiмдерi.
1) асептикалық блок;
2) дәрiлiк нысандары мен дәрiхана ыдыстарын стерилдеу бөлмесi;
3) ассистент бөлмесі;
4) буып-түю бөлмесі;
5) дефектарлық бөлме;
6) дәрiлiк заттарды сақтайтын үй-жай;
7) жуу бөлмесi;
8) қызмет көрсету залы.
1) сынамаларды алу биiктiгінің деңгейi жұмыс үстелi биiктiгiнiң деңгейiне сәйкес болғанда;
2) желдеткiштер мен есiктер жабық кезде;
3) үй-жайды ылғалды жуып-тазалағаннан кейiн кемiнде жарты сағат өткенде;
4) жұмыс iстеуге дайын таза үй-жайда немесе жұмыс аяқталған бойда.
Ауа сынамаларын ауаның бактериологиялық талдауына арналған аспаптарының көмегімен (Кротов аппараты, ПОВ, ПАБ және басқалары) аспирациялық әдіспен алады. Ауаны тарту жылдамдығы минутына 25 л болуы тиiс, өткізілетін ауаның саны бактериялардың жалпы санын анықтау үшiн 100 л, алтын түстес стафилакоккты анықтау үшiн 250 л және көгеру және ашытқы грибоктарын анықтау үшiн 250 л.
Бактериялардың жалпы санын анықтау үшiн сынамалар алуды екi пайыздық қоректік агарға, алтын түстес стафилококкты анықтау үшiн - сарыуыз-тұзды агарға, көгеру мен ашытқы грибоктарын анықтау үшiн Сабуро ортасына жүргізеді; ауа сынамасын аспирациялық әдіспен алу үшiн қоректік ортаны 12-15 мл ыдыстарға құяды.
Ерекше жағдайларда дәрiхананың өндiрiстiк үй-жайлар ауасының сынамасын седиментациялық әдіспен алуға жол берiледi. Бұл ретте Петри ыдысын еттi пептонды агармен он минутқа, сарыуыз-тұзды агармен, Сабуро ортасымен - 25 минутқа ашық күйiнде орналастырады.
|
|
кесте |
|||||
|
Үй-жайдың атауы |
Жұмыс жағдайлары |
Ауаның 1 м3-дегі микроорганизмдер колонияларының жалпы саны |
Ауаның 1 м3-дегі алтын түстес стафилококк саны |
Ауаның 1 м3-дегі көгеру және ашытқы грибоктарының саны |
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
Асептикалық |
Жұмысқа дейiн |
500-ден жоғары емес |
Жол берілмейді |
Жол берілмейді |
|
|
|
Ассистенттік, өлшеп-орау, дефекторлық, дәрілік заттарды сақтау үй-жайлары |
Жұмысқа дейiн |
750-ден аспауы тиіс |
Жол берілмейді |
Жол берілмейді |
|
|
|
Жуу орны |
Жұмыс кезінде |
1000-нан аспауы тиіс |
3-тен көп болмауы керек |
12-ге дейін |
|
|
|
Қызмет көрсететін зал |
Жұмыс кезiнде |
1500-ден аспауы тиіс |
10-ға дейiн |
20-ға дейін |
|
|
|
|
Кесте |
||||
|
Р/с |
Атауы |
1 см3-дегі рұқсат етілген шекті микроорганизмдер |
Ескертпе |
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
|
1 |
Стерилдеуге дейiнгі инъекцияға арналған ерiтiндiлер, дайындалғаннан кейiн 1-1,5 сағаттан кешiктiрiлмей: |
|
|
|
|
|
Глюкозалар 5%-40% |
20-30 |
|
|
||
|
0,9% натрий хлоридi |
20-30 |
|
|
||
|
0,25% және 2% новокаин |
20-30 |
|
|
||
|
Натрий хлоридi 5,0 |
ерекше жағдайда |
|
|
||
|
Калий хлоридi 0,07 |
50-ге дейiн |
|
|
||
|
Кальций хлоридi 0,12 |
|
|
|
||
|
Новокаин 2,5 |
|
|
|
||
|
Инъекцияға арналған су - 1 л |
20-30 |
|
|
||
|
Рингер-Локк |
20-30 |
|
|
||
|
Сергозин 40% |
|
|
|
||
|
2 |
Көз тамшылары: |
|
|
|
|
|
1) Еритiн сульфацил ерiтiндiсi (натрий альбуцидi 20% және 30% |
5-7 |
|
|
||
|
2) 1% атропин сульфаты ерiтiндiсi |
5-7 |
|
|
||
|
3) 1% дикаин ерiтiндiсi |
5-7 |
|
|
||
|
4) Этилморфин гидрохлоридiнің (диониннiң) 1% ерiтiндiсi |
|
|
|
||
|
5) Калий йодидiнiң 2% ерiтiндiсi |
5-7 |
|
|
||
|
6) 0,25% синтомицин ерiтiндiсi |
5-7 |
|
|
||
|
7) Мырыш сульфаты 0,025 |
10-15 |
|
|
||
|
8) Мырыш сульфатының 0,25% ерiтiндiсi - 10,0 |
5-7 |
|
|
||
|
9) Пилокарпин гидрохлоридiнiң 1%, 2%, 4% ерiтiндiсi |
5-7 |
|
|
||
|
10) 0,25% прозерин ерiтiндiсi |
10-15 |
|
|
||
|
11) Рибофлавин 0,001 (0,002) |
|
|
|
||
|
12) Рибофлавин 0,002 |
|
|
|
||
|
3. |
Тазартылған су |
10-15 |
Микробтармен ластануды барынша шектейтiн жағдайда тазартылған суды алу және сақтау кезiнде |
|
|
|
2) Стерилдеуден кейiн асептикалық тәсiлмен көз тамшыларын және концентрацияланған ерiтiндiлердi (концентраттарды) дайындауға қолданылатын тазартылған су |
0-3 |
||||
|
|
Қазақстан Республикасы |
||||
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және ұлттық экономика министрліктерінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК