2026 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінде "Ашық есік күні" өтті.
Іс-шара барысында өңір тұрғындары денсаулық сақтау және фармацевтикалық қызмет салаларына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша Департамент мамандарына жүгініп, қолданыстағы заңнамаға түсініктемелер, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша консультациялар алды.
Мұндай кездесулер халықпен ашық диалог орнатуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдардың қызметін барынша қолжетімді әрі ашық етуге мүмкіндік береді.
Ашық есік күні
🗓 2026 жылғы 25 тамыз
🕒 15:30–17:30
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті «Ашық есік күнін» өткізеді.
Іс-шараның басты мақсаты – азаматтарға денсаулық сақтау саласындағы құқықтық актілерді қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіру және олардың өз құқықтары туралы нақты ақпарат алуына мүмкіндік беру.
Іс-шара барысында тұрғындар медициналық және фармацевтикалық бақылау саласына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алады.
📌 Баршаңызды «Ашық есік күніне» қатысуға шақырамыз!
«Қосылған құн салығының мөлшерлемесі өткізу бойынша салық салынатын айналымның және импорттың мөлшеріне қолданылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, жиынтықтауыш медициналық бұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың тізбесін бекіту туралы» (бұдан әрі – Тізбе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1204 қаулысына өзгерістер енгізілуіне байланысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін нысаналы мақсатты растауды беру алынып тасталды.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін нысаналы мақсатты растауды бұдан былай бермейді.
Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 542 қаулысымен қолданысқа енгізілді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2600000542#z36).
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, қосылған құн салығының мөлшерлемесі 5 пайыз, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 пайыз көлемінде, Тізбеге енгізілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу және импорттау бойынша салық салынатын айналымға қолданылады, мынадай құжаттар болған кезде:
- «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Републикасының Заңында белгіленген тәртіппен фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензияның немесе медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуге берілген қызметтің немесе жекелеген әрекеттерді жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон;
- дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу куәлігі (тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар импорты кезінде);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығына сәйкес берілген рұқсат құжаты (тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар импорты кезінде).
Кедендік ресімдеуге және салық жеңілдіктерін қолдануға құжаттар дайындау кезінде көрсетілген өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Тізбенің жаңартылған нұсқасын «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінен көруге болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2500001204
Шілде айында еліміздегі дәріханаларда бақыланатын дәрілік заттардың төрттен біріне жуығының бағасы арзандады
Қазақстанда шілде айында 589 дәрілік препараттың бөлшек саудадағы бағасы төмендеді. Мониторинг елдің 20 өңіріндегі 2 555 атаудағы дәрілік затты қамтыды.
Бақыланған дәрілік заттардың шамамен жартысының – 1 267 препараттың бағасы өзгеріссіз қалды. Ал 147 препараттың бағасы 20%-дан астам төмендесе, тағы 198 препараттың бағасы 10–20%-ға, 244 атаудың бағасы 5–10%-ға арзандаған.
Бағасы төмендеген дәрілік заттардың қатарында инфекциялық ауруларды, жүрек-қан тамырлары ауруларын және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуде кеңінен қолданылатын препараттар бар.
Атап айтқанда, Зитмак®️ 250 мг №6 препаратының бағасы 24,25%-ға, Цефтриаксон 1 г – 22,03%-ға, Пантап®️ 20 мг №14 – 20,1%-ға* төмендеді. Сонымен қатар, *Лизиноприл-ЛФ 20 мг №10 – 14,7%-ға, Энап®️ 5 мг №10 – 13,27%-ға, Пульмикорт 0,25 мл – 11,09%-ға, Амоксиклав 875 мг/125 мг – 6,86%-ға арзандады.
Бағалар нақты уақыт режимінде бақыланады
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес келесілерді сақтау қажет:
🔹 Кім және қалай жояды?
🔹 Мерзімдері және сақтау тәртібі
🔹 Жою актісін рәсімдеу
⚠️ Аталған талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою рәсімінің белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізілуін қатаң бақылауды және есептіліктің уақтылы ұсынылуын сұраймыз.
2026 жылғы 10 шілдеде Ұлытау облысы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында жекеменшік денсаулық сақтау субъектілерімен кеңес өткізді.
Кездесудің мақсаты – 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енетін біліктілік талаптарына енгізілген толықтырулармен таныстыру, сондай-ақ оларды қолдану тәртібін түсіндіру болды.
Ұлытау облысы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы Гүлмира Бекзатова медициналық қызметті лицензиялау тәртібіне енгізілетін өзгерістерді жан-жақты түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ ол медициналық цифрлық жүйелерді енгізу медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Жаңа талаптарға сәйкес, медициналық цифрлық жүйенің (МЦЖ) болуы медициналық лицензияны алғаш рет алатын немесе лицензиясына медициналық қызметтің жаңа түрлерін қосатын ұйымдар үшін міндетті болады.
Медицина қызметкері күніне орай Ұлытау облысының әкімі Д.А. Рыспеков денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі, жоғары кәсібилігі және өз ісіне адалдығы үшін өңірдің үздік медицина қызметкерлерін марапаттады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Ұлытау облысы бойынша Департаменті қызметкерлері – басшының орынбасары Айгүл Райымбекова және медициналық қызмет саласындағы бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы Құралай Халықова облыс әкімінің "Алғыс хатымен" марапатталды.
Бұл марапат олардың адал еңбегінің, жоғары жауапкершілігінің және өңірдегі медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы болып табылады.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға зор денсаулық, отбасы амандығын, кәсіби қызметтерінде жаңа жетістіктер мен Ұлытау облысының денсаулық сақтау жүйесінің игілігі жолындағы еңбектеріне толағай табыс тілейміз!
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жеке медициналық ұйымдарды тексерулерді күшейтеді.
2025 жылы жүргізілген кешенді тексерулердің қорытындысы бойынша Қазақстанда 400-ге жуық денсаулық сақтау субъектісі қызметін тоқтатты.
Тексеру барысында 500-ден астам әкімшілік жаза қолданылды, салынған айыппұлдардың сомасы 70 млн теңгеден асты.
Қадағалау практикасында алғаш рет медициналық ұйымдардың қызметін уақытша тоқтата тұруды және лицензиясыз қызметтің анықталған фактілері мен біліктілік талаптарына сәйкес келмегені үшін медицина қызметкерлерін шеттетуді қоса алғанда, жедел ден қою шаралары қолданылды.
Жеке емдеу бөлмелеріне, наркологиялық оңалту орталықтарына және стоматологиялық клиникаларға назар аударылды. Тексеру нәтижелері лицензиясыз жұмыс істеуді және медициналық көмек көрсету стандарттарын сақтамауды қоса алғанда, жүйелі бұзушылықтарды көрсетті.
Кешенді тексеру барысында еліміз бойынша 1900-ден астам жұмыс істеп тұрған жеке рәсімдік кабинеттер анықталды, оның ішінде 406 нысан (20,5%) медициналық қызметті лицензиясыз жүзеге асырды. Тексеру және түсіндіру жұмыстарының қорытындысы бойынша 247 емшара кабинеті өз еркімен қызметін тоқтатты.
Жеке наркологиялық және оңалту орталықтары бойынша 39 тексеру жүргізілді, лицензияның болмауы 14 жағдайда анықталды (36%).
Стоматологиялық клиникаларға қатысты 313 нысан тексерілді, түсіндіру жұмыстарының қорытындысы бойынша 143 клиника өз еркімен жұмысын тоқтатты.
Бұл ретте тексеру барысында анықталған ең жиі бұзушылықтар:
- лицензиясыз қызмет - 3,9 млн теңге сомасына 179 хаттама жасалды;
- фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзу-19,5 млн теңге сомасына 85 хаттама.
Сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкес келмеу бойынша (82 хаттама), медициналық көмек стандарттарын өрескел бұзу бойынша (73 хаттама) және тіркелмеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды қолдану бойынша (16 хаттама) бұзушылықтар анықталды.токолов).
ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ТАҢБАЛАУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАНДАЙ ПРЕПАРАТТАРДЫ ЖИІ САТЫП АЛАДЫ
2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттарды міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Таңбалау және тауарлардың қадағалануының бірыңғай операторының жүйесі тұтынушылық сұранысты нақты уақыт режимінде тіркеуге мүмкіндік береді.
Талдау таңбаланған дәрілік заттардың сатылымын қамтиды және маусымдық ерекшеліктерге байланысты тұтынушылық сұранысты объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Сатылым бойынша көшбасшы, жылдың басқа кезеңдеріндегі сияқты, этил спирті болды – 4,1 млн бірлік таңбаланған өнім сатылған. Екінші орында натрий хлориді – 2,1 млн бірлік. Үздік үштікке қызу түсіретін парацетамол препараты кірді – 1,75 млн бірлік.
Таңбаланған дәрілік заттар арасындағы сатылым бойынша төртінші орында ацетилсалицил қышқылы – 1,5 млн-нан астам бірлік. Бестікті мұрын бітелуі кезінде қолданылатын тамыр тарылтқыш препарат – нафазолин қорытындылайды.
Сұранысқа ие препараттардың қатарында Цитрамон П бар – 1,23 млн-нан астам бірлік. Сондай-ақ ТОП-10 тізіміне меновазин – 897 мың, тұмау мен суық тиюге қарсы ТераФлю, белсендірілген көмір – 636 мың және фурацилин – 623 мың сатылған дәрілік зат кірді.
«Таңбалау жүйесі әрбір дәрілік препараттың қаптамасының қозғалысын өндірушіден бастап түпкі тұтынушыға дейін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Ұсынылған статистика дәріханалардағы бөлшек сауданы нақты көрсетеді. Сонымен қатар, таңбалау жүйесі әрбір препараттың түпнұсқа екенін және заңды айналымның толық жолынан өткенін кепілдейді», — деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Цифрлық таңбалау шеңберінде әрбір дәрілік препараттың қаптамасына бірегей Data Matrix коды беріледі. Тұтынушы, дәріхана немесе тексеруші орган Naqty Onim мобильдік қосымшасы арқылы препараттың түпнұсқалығын бірден тексере алады. Бұл заңды тауар айналымы шеңберінде жалған дәрілерді сатуды техникалық тұрғыдан мүмкін емес етеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ САТЫП АЛУ ҚАУІПТІ БОЛУЫ МҮМКІН
2026 жылы Қазақстанда кәмелетке толмағандардың интернет арқылы салмақ азайтуға арналған препараттарды және құрамында денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін компоненттері бар басқа да құралдарды өз бетінше сатып алуы салдарынан ауыр улану жағдайлары тіркелді. Медициналық ұйымдардың мәліметтері бойынша, мұндай препараттарды бақылаусыз қолдану денсаулыққа ауыр зардаптар әкелген.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сапасын растайтын құжаттары жоқ немесе белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатуға тыйым салынады. Сонымен қатар қолданыстағы қағидаларға сәйкес дәрілік заттар балаларға босатылмайды.
Алайда, ашық интернет көздерінде, жекелеген маркетплейстер мен онлайн сауда алаңдарында шығу тегі мен қауіпсіздігі күмән тудыратын дәрілік заттарды сату туралы ұсыныстар анықталуда.
Халыққа арналған ұсынымдар
Өз денсаулығыңызды және балаларыңыздың денсаулығын қорғау үшін:
- дәрілік заттарды тек лицензияланған дәріханалардан және ресми интернет-дәріханалардан сатып алыңыз;
- сатып алмас бұрын препараттың мемлекеттік тіркеуден өткенін тексеріңіз;
- күмәнді сайттардан, әлеуметтік желілерден және ресми емес сауда алаңдарынан дәрілік заттарға тапсырыс бермеңіз;
- дәрігердің кеңесінсіз салмақ азайтуға арналған препараттарды және басқа дәрілік заттарды қолданбаңыз;
- кәмелетке толмағандардың дәрілік заттарды өз бетінше сатып алуына және қолдануына жол бермеңіз;
- нұсқаулықтың, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі таңбалаудың болмауына, сондай-ақ өнім бағасының күмәнді түрде арзан болуына назар аударыңыз;
- егер екінші реттік қаптамада (қорапта) QR-код болса, оны DariKZ және Naqty Ónim мобильді қосымшалары арқылы тексеріңіз.
Тіркелмеген, айналымына тыйым салынған немесе күмән тудыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сату фактілері анықталған жағдайда, бұл туралы интернет-платформалар әкімшілігіне, сондай-ақ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ұлытау қаласы бойынша департаментіне дереу хабарлау ұсыну сұралады.городу Ұлытау.