Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы
1-тармағының 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) 3-тармағының
9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтата тұрылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамға және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
    алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуы Комитеттің жетекшілік ететін төраға орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

          Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2025 жылғы 27 қарашадағы № 25-06-2099/И, 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 25-06-2509/4148 және 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 25-06-74/121 хаттары.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеті төрағасының

міндетін атқарушы                                                            Н. Беркінғали

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті міндетін

атқарушысының 2026 жылғы _

 ___ қаңтардағы № _____

бұйрығына қосымша

 

Тоқтатыла тұруға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесі

 

№ п/п

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Дәрілік заттың атауы

Өндіруші, ел

1

ҚР-ДЗ-5№022549

Нафазолин, мұрынға тамызатын дәрі, 10 мл ден тамшылатқыш-құтыда, 0,1%

ТОО НУРЕР, Қазақстан

2

ҚР-ДЗ-5№025224

Анасома, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 1 мг

Юджиа Фарма Спешиалайтиз Лимитэд, Үндістан

3

ҚР-ДЗ-5№121700

Архимакс, вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1000 мг

Медокеми Лтд, Кипр

4

ҚР-ДЗ-5№122093

Мерограм, вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 500 мг

Eugia Pharma Specialities Limited, Үндістан

5

ҚР-ДЗ-5№122094

Мерограм, вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1000 мг

Eugia Pharma Specialities Limited, Үндістан

6

ҚР-ДЗ-5№016816

Племонем™ 0,5г, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 0,5 г

Плетхико Лабораториес Пвт. Лтд., Үндістан

7

ҚР-ДЗ-5№016818

Племонем™ 1г, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1,0 г

Плетхико Лабораториес Пвт. Лтд., Үндістан

8

ҚР-ДЗ-5№023458

Вегапенем, инъекция немесе инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 500 мг

Анфарм Хеллас С.А., Грекия

9

ҚР-ДЗ-5№023459

Вегапенем, инъекция немесе инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1000 мг

Анфарм Хеллас С.А., Грекия

10

ҚР-ДЗ-5№026290

Диклофенак-Тева, босап шығуы ұзаққа созылатын ішекте еритін капсулалар, 100 мг

Ационо Фарма АГ, Швейцария

11

ҚР-ДЗ-5№002319

Диклофенак, ректальді суппозиторийлер, 100 мг

ФАРМАПРИМ ООО, Молдова

12

ҚР-ДЗ-5№018605

Диклофенак, ректальді суппозиторийлер, 50 мг

ФАРМАПРИМ ООО, Молдова

13

ҚР-ДЗ-5№021596

АРГЕТТ ДУО, босап шығуы модификацияланған қатты капсулалар, 75 мг

Теммлер Ирландия Лимитед, Ирландия

14

ҚР-ДЗ-5№009047

Макси™-75, бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 75мг/3мл

Плетхико Лабораториес Пвт. Лтд., Үндістан

15

ҚР-ДЗ-5№023652

ДИНАПАР AQ, инъекцияға арналған ерітінді, 75мг/мл

Тройкаа Фармасьютикалс Лимитед, Үндістан

16

ҚР-ДЗ-5№022554

Стерикорт, вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1000 мг

Русюрофарм ООО

17

ҚР-ДЗ-5№011701

Диклоген, вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 75мг/3мл

Аджио Фармацевтикалз Лимитед, Үндістан

18

ҚР-ДЗ-5№015677

НАФАЗОЛИН мұрынға тамызатын дәрі, 0,1%

Синтез ОАО, Ресей

 

 

Согласовано

23.01.2026 17:54 Раймкулова Гаухар Ушкемпиркызы

23.01.2026 18:02 Байтубаев Еркебулан Нургалиевич

28.01.2026 18:53 Мукатаева Жанна Адильхановна

Подписано

28.01.2026 19:28 Беркингали Нурданат ((и.о Джусипов Б.А.))

О приостановлении действия регистрационных удостоверений лекарственных средств
Дата публикации
05 февраля 2026