Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының                      1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарылып алынсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын.
  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: «Такеда Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы №173/25 хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетінің төрағасы                                                              Б.  Жүсіпов

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрілігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті төраға

2026 жылғы ___қаңтардағы

№ _____ бұйрығына қосымша

 

 

 

Кері қайтарып алуға жататын дәрілік

заттардың тіркеу куәліктері

 

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Тіркелген күні

Дәрілік заттың атауы

Тіркеу куәлігін ұстаушы, мемлекет

ҚР-ДЗ-5№026166

05.03.2024

Адиновейт,

көктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат еріткішпен-инъекцияға арналған сумен жиынтықта, 1500 ХБ

Баксалта Инновейшнз ГмбХ

Австрия

ҚР-ДЗ-5№026167

05.03.2024

Адиновейт,

көктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат еріткішпен-инъекцияға арналған сумен жиынтықта, 2000 ХБ

Баксалта Инновейшнз ГмбХ

Австрия

ҚР-ДЗ-5№026168

05.03.2024

Адиновейт, к

өктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат еріткішпен-инъекцияға арналған сумен жиынтықта, 3000 ХБ

Баксалта Инновейшнз ГмбХ

Австрия

Согласовано

13.01.2026 09:50 Бактан Перизада Бердібатырқызы

13.01.2026 11:50 Мукатаева Жанна Адильхановна

13.01.2026 14:36 Раймкулова Гаухар Ушкемпиркызы

Подписано

13.01.2026 14:37 Джусипов Бауыржан Алишерович

Об отзыве регистрационных удостоверений лекарственных средств
Дата публикации
16 января 2026