Дәрілік заттың серияларын (партияларын) қолдануға, өткізуге тыйым салу, сондай-ақ айналыстан алып қою туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы
1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар)
3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Химфарм акционерлік қоғамы өндіруші «Цеф III®+ Лидо, бұлшықет ішіне инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ еріткішімен (лидокаин гидрохлориді, инъекцияға арналған 1% ерітінді) жиынтықта, 1 г, 1.0 г құтыда, 3.5 мл еріткіштен ампулада, 1 құты препарат 1 ампула еріткішімен картон қорапшада» сериялары № 23090173 және № 24100085 дәрілік заттың серияларын (партияларын) қолдануға, өткізуге тыйым салу, сондай-ақ айналыстан алып қойылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын, «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
    алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын Комитеттің жетекшілік төраға орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: «Химфарм» акционерлік қоғамның 2025 жылғы 18 маусымдағы № 919 хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеті төрағасы                                                    Б. Жүсіпов

 

Согласовано

18.06.2025 19:11 Байтубаев Еркебулан Нургалиевич

18.06.2025 19:13 Кельдинова А. Д. ((и.о Исмухаметов А.К))

Подписано

18.06.2025 19:14 Джусипов Бауыржан Алишерович

Дәрілік заттың серияларын (партияларын) қолдануға, өткізуге тыйым салу, сондай-ақ айналыстан алып қою туралы
Дата публикации
09 января 2026