Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы

№ 485-НҚ от 04.11.2025

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

ПРИКАЗ

№ 

 

Астана қаласы город Астана

 

 

Дәрілік заттардың тіркеу

куәліктерін кері қайтарып алу туралы

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының                      1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктері кері қайтарылып алынсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын.
  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Негіздеме:  Pfizer Export B.V. (Pfizer Export B. V.Ви.) Қазақстан Республикасындағы филиалының 2025 жылғы 6 қазандағы шығ.№18 хаты.

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетінің төрағасы                                                              Б.  Жүсіпов

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрілігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті төраға

2025 жылғы ___ қазандағы

№ _____ бұйрығына қосымша

Кері қайтарып алуға жататын дәрілік

заттардың тіркеу куәліктері

 

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Тіркелген күні

Дәрілік заттың атауы

Тіркеу куәлігін ұстаушы, мемлекет

ҚР-ДЗ-5№010310

13.12.2017

Сутент®, капсулалар

 12,5 мг

Пфайзер Инк.,

Америка Құрама Штаттары

ҚР-ДЗ -5№010308

13.12.2017

Сутент®, капсулалар

 25 мг

Пфайзер Инк.,

Америка Құрама Штаттары

ҚР-ДЗ -5№010309

13.12.2017

Сутент®, капсулалар

 50 мг

Пфайзер Инк.,

Америка Құрама Штаттары

Согласовано

03.11.2025 09:36 Мәлік Перизат Мұхтарқызы

03.11.2025 11:52 Раймкулова Гаухар Ушкемпиркызы

04.11.2025 14:53 Мукатаева Жанна Адильхановна

Подписано

04.11.2025 16:17 Джусипов Бауыржан Алишерович

 

Приказ Об отзыве регистрационных  удостоверений лекарственных средств
Дата публикации
12 ноября 2025