«Қосуға және ажыратуға арналған гемодиализдік жинағы, өлшемдері: proHD CVC Set S, proHD CVC Set M, proHD CVC Set L» медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы

№ 487-НҚ от 04.11.2025

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

ПРИКАЗ

№ 

 

Астана қаласы город Астана

 

 

 

 

«Қосуға және ажыратуға арналған

гемодиализдік жинағы, өлшемдері:

proHD CVC Set S, proHD CVC Set M,

proHD CVC Set L» медициналық

бұйымның тіркеу куәлігін

кері қайтарып алу туралы

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының                      1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қосуға және ажыратуға арналған гемодиализдік жинағы, өлшемдері: proHD CVC Set S, proHD CVC Set M, proHD CVC Set L»,ҚР-ММБ-0№022742  өндірушісі «Bunzl Retail & Healthcare Supplies Ltd trading as 365 Healthcare», Ұлыбритания медициналық бұйымының тіркеу куәлігі кері қайтарылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап жұмыс бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын.
  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін  орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: «Фрезениус Медикал Кейр Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі №221/08/25 хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетінің төрағасы                                                              Б.  Жүсіпов                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

Согласовано

03.11.2025 09:36 Мәлік Перизат Мұхтарқызы

03.11.2025 11:45 Раймкулова Гаухар Ушкемпиркызы

04.11.2025 15:22 Мукатаева Жанна Адильхановна

Подписано

04.11.2025 16:34 Джусипов Бауыржан Алишерович

 

Об отзыве регистрационного удостоверения медицинского изделия «Гемодиализный набор для подключения и отключения, размерами: proHD CVC Set S, proHD CVC Set M, proHD CVC Set L»
Дата публикации
12 ноября 2025