Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картограммасы

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТОГРАММАСЫ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу объектісінің атауы:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» РММ
Өзектендіру күні: 2026 жылғы «05» мамыр

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картограммасы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 16-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикоррупциялық қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бұйрығымен бекітілген «СЖТТ жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға» сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелеу және визуализациялау мақсатында әзірленді. Мәліметтерді өзектендіру келесілерді ескере отырып жүргізілді:

  • ұйымдық құрылымдағы өзгерістер;

  • функционалдық міндеттердің қайта бөлінуі;

  • кадр тапшылығы;

  • есепті кезеңдегі анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау келесілер негізінде матрицалық әдісті қолдану арқылы жүргізілді:

  • тәуекелдің туындау ықтималдығы;

  • ықпал ету дәрежесі (салдары);

  • лауазымдардың дискрециялық өкілеттіктер деңгейі.


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдар / Өкілеттіктер / Тәуекел деңгейі

Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

  • Медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл;

  • Жоспардан тыс бақылауды жүзеге асыру;

  • Рұқсат беру бақылауын жүзеге асыру.

Тәуекел деңгейі: Жоғары


Фармацевтикалық инспекторат, фармацевтикалық қызметті бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

  • Фармацевтикалық қызмет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл;

  • Жоспардан тыс бақылауды жүзеге асыру;

  • Рұқсат беру бақылауын жүзеге асыру.

Тәуекел деңгейі: Жоғары


Департамент қызметінің негізгі бағыттары медициналық қызметті бақылау, медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау, фармацевтикалық инспекторат, фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, фармацевтикалық қызметті бақылау, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасына мониторинг жүргізу болып табылатындықтан, барлық лауазымдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайды.

Бағалау нәтижелері бойынша олар сыни (критикалық) тәуекел аймағына жатқызылды, бұл рұқсат беру, бақылау және әкімшілік функциялардың құрылымдық шоғырлануымен негізделген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картограммасы
Дата публикации
06 мая 2026