GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз отралығы
Департамент туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Емдік дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдармен айналыс саласын бақылау
18 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА БАҒАСЫ 1 АЕК-ТЕН ТӨМЕН ПРЕПАРАТТАР МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІНЕН ШЫҒАРЫЛАДЫ

Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын кезең-кезеңімен ырықтандыру шеңберінде құны 1 АЕК-ке дейінгі, яғни 4 325 теңге болатын дәрілік заттарды мемлекеттік баға реттеу жүйесінен шығаруда.

Бұл шара бәсекелестікті дамытуға, дәрілік заттардың ассортиментін кеңейтуге және олардың халық үшін қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Нәтижесінде 1 200-ден астам дәрілік заттың бағасы нарықтық тетіктердің негізінде қалыптастырылатын болады.

Бағасы төмен дәрілік заттарды мемлекеттік баға реттеуінен шығару нарық қатысушыларына сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, бағаны өз бетінше қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 Бағаларды кезең-кезеңімен ырықтандыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 4 қыркүйектегі №105 бұйрығымен көтерме және бөлшек саудада өткізу кезінде бағасы реттелуге жататын дәрілік заттар тізбесіне өзгерістер енгізілді.

Жаңартылған тізбеге сәйкес мемлекеттік баға реттеуіне жататын позициялардың саны 3 039-дан 1 827-ге дейін қысқартылды.


Осылайша, мемлекеттік реттеу неғұрлым нысаналы сипатқа ие болып, халық үшін қолжетімділігін қосымша қорғауды қажет ететін дәрілік заттарға шоғырландырылады.

Дәрілік заттардың бір бөлігін нарықтық баға белгілеу тетіктеріне көшіру фармацевтикалық нарық мониторингін күшейтумен қатар жүргізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, бағаларды мониторингтеу және бақылау тетіктерін, оның ішінде тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жетілдіру мәселесін пысықтауда.

Цифрлық құралдар дәрілік заттарды қадағалауға және олардың айналымының әртүрлі кезеңдеріндегі нақты бағаларды талдауға мүмкіндік береді.

Бұл бағаның негізсіз өсуінің ықтимал белгілерін уақытылы анықтауға мүмкіндік береді.

2024 жылғы шілдеде міндетті таңбалау енгізілгеннен бері жүйе арқылы шамамен 1,1 млрд қаптама дәрілік зат өткізілді.

 Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар үшін дәрілік заттардың баға тұрғысынан қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырады.

 Дәрілік заттардың белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан асып кету фактілері анықталған жағдайда, DariKZ мобильдік қосымшасы арқылы растайтын материалдарды (тауар чегі мен дәрілік заттың қаптамасын) қоса тіркеп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне өтініш жіберуге болады.

Емдік дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдармен айналыс саласын бақылау
28 августа 2026
Қазақстан фармацевтикасы: өндіріс көлемі, инвестициялар және дәрі-дәрмектің қолжетімділігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында фармацевтика өнеркәсібін дамытуды стратегиялық міндеттердің бірі ретінде атап өтті. Президент тапсырмаларын орындау аясында Үкімет отандық дәрі-дәрмек өндірісін ұлғайтып, өнім түрлерін кеңейтіп, инвестиция тарту және фармацевтикалық өндірісті локализациялауды дамыту жұмыстарын жүргізіп келеді.  Үш жылда фармацевтикалық өндіріс көлемі 37%-ға өсті Соңғы үш жылда қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындардың өндіріс көлемі 37%-ға өсіп, 191 млрд теңгеге жетті. Оң динамика 2026 жылы да жалғасуда: бірінші жартыжылдықта дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару 126,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артық.  Елімізде 200-ден астам фармацевтикалық және медициналық өнім өндіруші жұмыс істейді Оның ішінде 43-і дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорын. Отандық өнімнің үлесі заттай түрде 40,3%-ға жетті. Қазақстандық компаниялар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 3 мыңға жуық атауын тіркеді.  Халықаралық фармкомпаниялар өндірісін Қазақстанда локализациялауда AstraZeneca, Pfizer және Roche компаниялары өндірісті локализациялау және технологияларды Қазақстанға беру жобаларына қатысуда. Фармацевтика өнеркәсібіне инвестициялар 2025 жылы 56%-ға өсіп, $142,8 млн-ға жетті.  Сегіз ірі жоба отандық дәрі-дәрмек өндірісін кеңейтеді Президент тапсырмасы бойынша жалпы құны 391,3 млрд теңге болатын фармацевтикалық өндірістерді салу және кеңейту бойынша сегіз ірі жоба жүзеге асырылуда. Оларды іске қосу онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және инфекциялық ауруларды, сондай-ақ қант диабетін емдеуге арналған препараттарды қоса алғанда, 494-тен астам дәрілік заттарды шығаруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.  Өндірісті локализациялау импортқа тәуелділікті азайтады Жаңа кәсіпорындар Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы және Қарағанды облыстарында пайда болмақ. 1,2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған, сондай-ақ аса қажетті және өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектер өндірісін ел ішінде кеңейту жоспарлануда.  10 мыңнан астам дәріхана ұйымы дәрі-дәрмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді 2,7 мыңға жуық дәріхана ауылдық жерлерде орналасқан. Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін 11 жылжымалы дәріхана пункті жұмыс істейді. 2,1 мыңнан астам дәріхана тиісті дәріхана практикасы стандарттарына сәйкестігін растады. Фармацевтика саласының дамуы отандық өндірісті ұлғайтуға, дәрі-дәрмек түрлерін кеңейтуге және сыртқы жеткізілімдерге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Бұл халық үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тұрақтылығын арттырып, қажетті препараттардың қолжетімділігін жақсартуды білдіреді.  Қазақстанның фармацевтика саласындағы негізгі өзгерістер жайында толығырақ PrimeMinister.kz редакциясының шолуынан оқи аласыздар.

Емдік дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдармен айналыс саласын бақылау
11 августа 2026
NAQTY ONIM: дәрілік заттарды тексеруге және бағасын бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық сервис

Қазақстанда азаматтарға дәрілік заттарды өз бетінше тексеруге, олардың таңбалануы мен қозғалысы туралы ақпарат алуға, сондай-ақ белгіленген шекті бағалардың сақталуын бақылауға мүмкіндік беретін NAQTY ONIM цифрлық сервисі жұмыс істейді.

Қосымша тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалаудың мемлекеттік жүйесі аясында әзірленген. Оны пайдалану фармацевтикалық нарықтың ашықтығын арттыруға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қосымша мүмкіндік береді.

Дәрілік затты қалай тексеруге болады?

2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген дәрілік заттардың қаптамасында бірегей Data Matrix коды болады.

Препаратты тексеру үшін смартфондағы NAQTY ONIM қосымшасын ашып, камера арқылы осы кодты сканерлеу қажет.

Сканерлегеннен кейін пайдаланушы дәрілік зат туралы, оның ішінде мынадай ақпараттарды көре алады:

  • дәрілік заттың атауы;
  • өндіруші туралы мәлімет;
  • тіркеу деректері;
  • таңбалау мәртебесі;
  • препараттың заңды түрде айналымға шығарылғанын растайтын ақпарат;
  • дәрілік заттың жеткізу тізбегі бойынша қозғалысы туралы мәлімет.

Цифрлық таңбалау дәрілік заттың өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап дистрибьюторға, дәріханаға және соңғы сатып алушыға дейінгі қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.

Дәрі-дәрмектің бағасын қалай тексеруге болады?

Қосымшаның тағы бір маңызды мүмкіндігі – дәрілік заттардың бағасын тексеру.

Пайдаланушы дәріге мемлекет белгілеген шекті бөлшек бағаны көріп, оны дәріханадағы нақты бағамен салыстыра алады.

Егер дәрінің бағасы белгіленген шекті деңгейден жоғары болса, азамат бұл туралы цифрлық сервистер арқылы хабарлап, ақпаратты одан әрі қарау үшін уәкілетті органдарға жібере алады.

Азаматтардың бақылауға қатысуы

NAQTY ONIM азаматтарға сатып алатын дәрілік зат туралы ақпаратты өз бетінше алуға және ықтимал заң бұзушылықтар туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

Мұндай цифрлық құралдар мемлекеттік бақылауды толықтырып, дәрілік заттарды белгіленген талаптарды бұза отырып сату жағдайларын дер кезінде анықтауға ықпал етеді.

Цифрлық таңбалау не үшін қажет?

Цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі:

  • дәрілік заттардың жеткізу тізбегіндегі қозғалысын бақылауға;
  • заңсыз айналымдағы өнімді анықтауға;
  • қолдан жасалған және контрафактілік дәрілік заттардың айналымына байланысты тәуекелдерді азайтуға;
  • дәрілік заттарды өткізу кезінде белгіленген талаптардың сақталуын бақылауға;
  • азаматтардың дәрілік заттар туралы ақпараттануын арттыруға мүмкіндік береді.

NAQTY ONIM-ді пайдалану арқылы сатып алушы дәрілік затты сатып алмас бұрын оның таңбалануын тексеріп, препарат туралы қажетті ақпаратты ала алады.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттарды бақылауға арналған цифрлық құралдарды жетілдіру және азаматтар үшін қажетті ақпараттың қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Емдік дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдармен айналыс саласын бақылау
11 августа 2026
Қазақстанда 589 дәрілік препараттың бағасы төмендеді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттардың бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Қазақстанда шілде айында 589 дәрілік препараттың бөлшек саудадағы бағасы төмендеді. Мониторинг елдің 20 өңіріндегі 2 555 атаудағы дәрілік затты қамтыды.

Бақыланған дәрілік заттардың шамамен жартысының – 1 267 препараттың бағасы өзгеріссіз қалды. Ал 147 препараттың бағасы 20%-дан астам төмендесе, тағы 198 препараттың бағасы 10–20%-ға, 244 атаудың бағасы 5–10%-ға арзандаған.

Бағасы төмендеген дәрілік заттардың қатарында жұқпалы ауруларды, жүрек-қан тамырлары ауруларын және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуде кеңінен қолданылатын препараттар бар.

Атап айтқанда, Зитмак®️ 250 мг №6 препаратының бағасы 24,25%-ға, Цефтриаксон 1 г – 22,03%-ға, Пантап®️ 20 мг №14 – 20,1%-ға төмендеді. Сондай-ақ Лизиноприл-ЛФ 20 мг №10 – 14,7%-ға, Энап®️ 5 мг №10 – 13,27%-ға, Пульмикорт 0,25 мл – 11,09%-ға, Амоксиклав 875 мг/125 мг – 6,86%-ға арзандады.

«Комитет дәрілік заттардың бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Жиналған деректер фармацевтикалық нарықтағы ахуалды объективті бағалауға, өзгерістерге жедел ден қоюға және мемлекет белгілеген шекті бағалардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов.

Дәрілік заттардың нақты бағасына мониторинг таңбалау және қадағалау жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл жүйе медициналық ұйымдар мен дәріханалардағы дәрілік препараттардың қозғалысы мен қолжетімділігін бақылауға, сондай-ақ нақты сату бағасын мемлекет бекіткен шекті бағалармен салыстыруға мүмкіндік береді.

«Таңбалау және қадағалау жүйесі фармацевтикалық нарықтағы өзгерістерді нақты уақыт режимінде бақылауға, шекті бағалардың асып кету жағдайларын анықтауға және жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Комитет төрағасы Бауыржан Жүсіпов.

Тұтынушылар үшін дәрілік заттардың бағасын тексерудің қосымша құралы – Naqty Onim мобильді қосымшасы. Онда препараттың өндірушісі мен дистрибьюторы, сатылатын дәріхана және оған белгіленген шекті бөлшек сауда бағасы туралы ақпаратты көруге болады.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу тәсілдерін қайта қарады. Енді негізгі назар халық үшін әлеуметтік маңызы бар және сұранысқа ие дәрілік препараттарға аударылып отыр.

Тізбені өзектендіру нәтижесінде мемлекеттік баға реттеу 3 039 рецепт арқылы босатылатын дәрілік препаратқа қолданылады. Сонымен бірге 4 918 препарат мемлекеттік реттеуден шығарылды. Олардың қатарында рецептсіз босатылатын дәрілік заттар және құны бір айлық есептік көрсеткіштен аспайтын рецептпен босатылатын препараттар бар.

«Мемлекеттік баға реттеу тәсілдерін жаңарту халық үшін аса маңызды дәрілік заттарға бақылауды күшейтуге және сонымен қатар фармацевтикалық нарық субъектілеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік берді», – деді Комитет төрағасы Бауыржан Жүсіпов.

Шекті бағалардың сақталуына бақылау тұрақты түрде жалғасуда. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында шекті бағаларды асырудың 6 фактісі анықталып, олар бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1,4 млн теңгені құрады.

«Комитет шекті бағалардың сақталуын бақылауды жалғастырады. Заңнама талаптары бұзылған жағдайда тиісті әкімшілік шаралар қабылданады. Сонымен қатар өндірушілермен, дистрибьюторлармен және дәріхана ұйымдарымен өзара іс-қимыл жалғасып, баға тұрақтылығын сақтау және халықтың дәрілік заттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғаса береді», – деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов.

Дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс өндірушілермен, дистрибьюторлармен және дәріхана ұйымдарымен бірлесіп жалғасуда. Шілде айының соңында Денсаулық сақтау министрлігінде фармацевтикалық нарық қатысушыларымен кеңес өткізіліп, дәрілік заттарды тұрақты жеткізу және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері талқыланды.

03 июля 2026
Медициналық қызметті лицензиялаудағы жаңа талаптар

Медициналық қызметті лицензиялаудағы жаңа талаптар

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті лицензиялау талаптарын жаңартты.

2026 жылғы 12 шілдеден бастап барлық медициналық ұйымдар:

РБЖ-2.0 жүйесіне
Ұлттық электрондық денсаулық паспортына
тіркелген медициналық/зертханалық цифрлық жүйелерге

міндетті түрде қосылуы тиіс.

Лицензия алу үшін негізгі талаптар:

санитариялық талаптарға сәйкес келетін үй-жайдың болуы
білікті мамандардың (сертификат, біліктілікті арттыру) болуы
медициналық стандарттарға сәйкес келетін жабдықтардың болуы
тіркелген жеткізушіден алынған медициналық цифрлық жүйенің болуы

Лицензияны Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері береді және талаптардың сақталуын тексереді.

Жаңа талаптар медициналық қызмет сапасын арттыруға және цифрландыруды дамытуға бағытталған.

Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау
01 июля 2026
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ КЕЗІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын күшейтті.

Талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығымен бекітілген.

2026 жылғы 12 шілдеден бастап денсаулық сақтау субъектілері меншік нысанына қарамастан Ресурстарды басқару жүйесіне (РБЖ-2.0) және Ұлттық электрондық денсаулық паспортына қосылған медициналық (зертханалық) цифрлық жүйені белгілеуге тиіс.

Елімізде денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сәйкес келетін 33 медициналық және 17 зертханалық цифрлық жүйелерді жеткізушілер тіркелген. Медициналық және зертханалық цифрлық жүйелерді жеткізушілердің тізімі Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында сілтеме бойынша орналыстырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/196758?lang=ru&ysclid=mq9eiki56f634161171.

РБЖ-2.0-де субъектіні техникалық қолдау мен сүйемелдеуді Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы жүзеге асырады, өңірлерде субъект «С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК филиалдарына жүгіне алады.

Халыққа медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісіне мыналардың болуы қажет екенін атап өтеміз:

1) санитариялық қағидаларға сәйкес келетін үй-жайлар.

Лицензияны (оған қосымшаны) алғанға дейін субъект санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға тиіс.

2) мамандар:

 - тиісті мамандық бойынша маман сертификаты бар,

- мәлімделген медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы 5 (бес) жылда біліктілікті арттыру.

3) өтініш берілген берілген бейін бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартына сәйкес жұмыс істейтін медициналық жабдықтар, мүкәммал/жиһаз және басқа да құралдар.

4) Денсаулық сақтау министрлігінде тіркелген жеткізушілер жеткізетін медициналық цифрлық жүйе.

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері лицензиар органдар болып табылады.

Лицензиар орган рұқсат беру бақылауы барысында (лицензия немесе оған қосымша берілгенге дейін) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеретін болады. Субъект барлық құжаттардың түпнұсқаларын, соның ішінде медициналық цифрлық жүйені жеткізушімен жасалған шартты ұсынуы және оның жұмыс қабілеттілігін көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, субъектіде медициналық цифрлық жүйенің болуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау және біліктілік талаптарын тексеру барысында тексеру жоспарлануда.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ
05 июня 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 5 маусымында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар, талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер болған жағдайда ақпаратты turkestan_dmfk@dsm.gov.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.

Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

05 июня 2026
Медициналық цифрлық жүйенің болуы жөніндегі міндетті талапты енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті келесіні хабарлайды.

Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 8 мамырдағы бұйрығымен денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын біліктілік талаптарына өзгерістер енгізілді. Аталған өзгерістер 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енеді.

2026 жылғы 12 шілдеден бастап барлық денсаулық сақтау субъектілері үшін пациенттердің медициналық деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға, сондай-ақ электрондық медициналық жазбаларды қалыптастыруға арналған медициналық цифрлық жүйенің (бұдан әрі – МЦЖ) болуы міндетті талап болып табылады.

МЦЖ-ның болуы лицензияны немесе лицензияға қосымшаны беру кезінде лицензиялау органдары тарапынан тексерілетін болады. Талаптарға сәйкестікті растау үшін денсаулық сақтау субъектісі МЦЖ жеткізушісімен жасалған шартты ұсынуы және жүйенің жұмыс істеп тұрғанын көрсетуі қажет. Сонымен қатар МЦЖ-ны пайдалану профилактикалық бақылау және біліктілік талаптарына сәйкестікті тексеру барысында да ескерілетін болады.

Қазіргі уақытта елімізде белгіленген талаптарға сәйкес келетін 22 медициналық цифрлық жүйе жеткізушісі тіркелген (ҚР ДСМ-80, 2021 жылғы 6 тамыздағы бұйрық). Медициналық ұйымдар пациенттердің дербес деректерін қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, жеткізушіні дербес таңдайды және шарт жасасады.

Медициналық деректерді Ұлттық электрондық денсаулық паспортына беру міндеті Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 60-бабының 2-тармағында көзделгенін және 2020 жылғы 7 шілдеден бастап қолданыста екенін еске саламыз.

2026 жылғы 12 шілдеден бастап барлық денсаулық сақтау субъектілері үшін (оның ішінде жеке кәсіпкерлер мен консультативтік кабинеттер үшін) медициналық қызметке лицензия немесе лицензияға қосымша алу кезінде МЦЖ-ның болуы жаңа лицензиялық талап ретінде енгізіледі.

Сондай-ақ барлық жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау субъектілеріне (оның ішінде жеке кәсіпкерлерге) медициналық цифрлық жүйеге қосылу, «СУР-2» ақпараттық жүйесінде есептік жазба ашу және оны уақтылы әрі толық ақпаратпен толтыру қажет.

15 мая 2026
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты оңтайландыру туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде консультациялық көмек көрсету және жетекшілік ететін салалардағы мәселелерді түсіндіру мақсатында қосымша байланыс телефон нөмірі +7 701 0065913 қосылғанын хабарлайды.
Азаматтар ведомствоның құзыретіне кіретін сұрақтарға өзекті ақпарат пен жауаптар алу үшін жұмыс уақытында көрсетілген нөмір бойынша жүгіне алады.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ
22 апреля 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 8 мамырында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бастау алатыны туралы хабарлайды

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар, талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер болған жағдайда ақпаратты turkestan_dmfk@dsm.gov.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.

Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы