Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының 2024 жылғы «08» ақпандағы
№128 н-қ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан
облысы бойынша департаментінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Түркістан облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты - Департаменттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысын бақылау саласында басшылыққа алу, іске асыру және бақылауды жүзеге асыру саласындағы өз міндеттерін және өкілеттіктерін жүзеге асырған кездегі іс-әрікеттерін айқындайды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының мақсаты медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысын бақылау саласында басшылыққа алу, іске асыру және бақылауды жүзеге асыру саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге бағытталған ұсыныстардың жүйесін айқындау болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының міндеті медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысын бақылау саласында басшылыққа алу, іске асыру және бақылауды жүзеге асыру саласында қызмет ететін мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықты мінез-құлқы мен мәдениетін қалыптастыруға жұмыс жасау болып табылады.
2-тарау. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі ұсыныстар
- Департаменттің қызметкерлері медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде:
- қолданыстағы заңдылыққа сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз етеді;
- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қызметтік жағдайын пайдаланбайды;
- Мемлекеттік қызметтерді алуға өтініштерді, лицензиялар мен рұқсат құжаттарын қарау кезінде әуре-сарсаңға салу фактілеріне жол бермеуге, оларды белгіленген мерзімде беруге міндетті;
- Мемлекеттік қызметтерді, лицензияларды және рұқсат құжаттарын алуға өтініш берушілермен қызметтен тыс қатынастарға түспеуге және өтініш берушімен тікелей байланысты мүмкіндігінше азайтуға міндетті;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында Қазақстан Республикасының заңдарында тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтар жасауға жол берілмейді;
- мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбайды;
- өзінің міндеттерін жүзеге асыру кезінде өзінің әрекеттерімен мемлекеттік билік беделін нығайтады, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметтеріне кір келтіруге әкеп соғатын әрекеттердің жасауына жол бермейді;
- азаматтардың келiсiмiнсiз олардың жеке өмiрi, жеке және отбасы құпиясы бар, соның ішінде, Қазақстан Республикасының заңды актілеріне сәйкес қолжетімділігі шектелген дербес деректерді қоса (дәрігерлік, нотариалдық, адвакаттық құпия, жазулар, телефон арқылы сөйлесулер, пошталық жөнелтімдер), мәлiметтердi жария етуіне жол бермейді;
- қызметтік міндеттерін орындауына байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдауына жол бермейді.
3-тарау. Өзінің құзыреті шегінде өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезіндегі ұсыныстар
- Қызметкерлер өзінің құзыреті шегінде өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:
- қызметкерлер тікелей бөлім басшысына, басшы орынбасарына немесе Департамент басшысына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлайды;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасауына Департамент қызметкерлерін итермелемейді;
- сыбайлас жемқорлық фактілері мәлім болғаны туралы бөлім басшысына, басшы орынбасарына немесе Департамент басшысына және құзырлы органдарға (ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аумақтық департаментіне, Прокуратура, Полиция органдарына және Комитетке) дереу хабарлайды;
- орындау үшін берілген тапсырмалардың заңдылығына күмән туындағаны туралы жазбаша түрде бөлім басшысына, басшы орынбасарына, Департамент басшысына немесе Комитетке дереу хабарлайды.
4-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың
орындалуына жауаптылық және бақалау
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдылықты сақтамаған жағдайда қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңдылығында (ҚР Қылмыстық кодексі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы заңы және т.б.) көрсетілгендей құзырлы органдармен шара көріледі.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуы Департаменттің барлық қызметкерлеріне, бөлім басшылары мен басшы орынбасарына бақылау және қадағалау, Департамент басшысына заңды шешім қабылдау жүктеледі.