Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына түсіндірме берілді. Қатысушыларға қолданыстағы заңнаманың негізгі талаптары жеткізіліп, есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу шараларына ерекше назар аударылды.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша қызметкерлерге тиісті түсіндірмелер мен одан әрі жұмыс жүргізу бойынша ұсынымдар берілді.
Кеңес барысында қызметтік әдептің негізгі талаптары, қызметтік міндеттерді адал орындау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлық көріністері мен мүдделер қақтығысының алдын алуға ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша белгіленген нормалар мен талаптарды күнделікті қызмет барысында қатаң сақтау қажеттілігі атап өтілді.
Шұғыл хабарлама – медициналық қызмет көрсету барысында пациенттің өмірі мен денсаулығына әсер етуі мүмкін жағдайлар анықталған кезде уәкілетті органға ұсынылатын ресми құжат.
Шұғыл хабарлама мынадай жағдайларда беріледі:
🔹 медициналық қызмет көрсету барысында қолайсыз оқиға немесе күтпеген жағдай орын алғанда;
🔹 пациентке медициналық көмек көрсету кезінде ауыр асқыну немесе күтпеген салдар анықталғанда;
🔹 медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін жағдайлар тіркелген кезде;
🔹 денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де жағдайларда.
Департамент қандай іс-шаралар жүргізеді?
✅ шұғыл хабарламаны қабылдап, тіркейді;
✅ ұсынылған мәліметтерге талдау жүргізеді;
✅ қажет болған жағдайда медициналық ұйымға бақылау іс-шараларын ұйымдастырады;
✅ анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдайды.
Уақытылы ұсынылған шұғыл хабарлама медициналық көмектің сапасы мен пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінде азаматтардың өтініштерін жедел қарау мақсатында CALL-орталығы құрылды.
📞 CALL-орталығының нөмірі: +7 701 006 59 15
Сіз төмендегі мәселелер бойынша хабарласа аласыз:
🔹 медициналық көмектің сапасына қатысты;
🔹 дәрілік заттардың айналымына қатысты;
🔹 медициналық бұйымдардың айналымына қатысты;
🔹 денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша.
Егер медициналық ұйымдардың қызметіне қатысты сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз немесе ескертулеріңіз болса, CALL-орталығына хабарласыңыз.
Біз сіздің өтінішіңізді қарап, қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және қолдау көрсетуге дайынбыз
Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттарды үй жағдайында жоюға болады, бірақ бұл ретте төмендегі ережелерді қатаң сақтау қажет:
– сұйық дәрілік түрлер (ампулалардағы, пакеттердегі және құтылардағы инъекцияға арналған ерітінділер, микстуралар, тамшылар, аэрозоль баллондарындағы сұйықтықтар) жаншылып, ішіндегісі 1:100 арақатынасында сумен сұйылтылғаннан кейін алынған ерітінді кәріз жүйесіне төгіледі (аэрозоль баллондарында алдын ала тесіктер жасалады), ал ампулалардың, аэрозоль баллондарының, пакеттер мен құтылардың қалдықтары шығарылып, кәдеге жарату арқылы жойылады;
– суда еритін дәрілік заттары бар қатты дәрілік түрлер (ұнтақтар, таблеткалар, капсулалар) ұнтақ күйіне дейін ұсақталғаннан кейін 1:100 арақатынасында сумен сұйылтылып, алынған ерітінді кәріз жүйесіне төгіледі.
Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік препараттарды қоқыс контейнерлеріне жай ғана тастауға болмайтынын түсіну маңызды, себебі оларды біреу тауып алып, салдарын толық түсінбей қолдануы мүмкін.
Сонымен қатар, үй жағдайында дәрілік заттар балалардың қолы жетпейтін жерде сақталуы тиіс екенін, ал дәрілік заттарды сату тек 18 жастан бастап жүзеге асырылатынын еске саламыз.
Дәрілік препараттардың ірі партиясын (300 данадан астам) кәдеге жарату үшін қалада фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтасатын мамандандырылған ұйымдар жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде жекелеген аурулар бойынша амбулаториялық ем қабылдау кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алу құқығы бар екенін еске салады.
Пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-75 «Белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Бекітілген тізбеге енгізілген аурулары бар және диспансерлік бақылауда тұрған пациенттер дәрілік препараттарды алуға құқылы.
Дәрілік препараттарды алу үшін пациентке:
Дәрілік заттарды тағайындау диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына, сондай-ақ медициналық көмек көрсетудің бекітілген стандарттарына сәйкес медицина қызметкерімен жүзеге асырылады.
Білу маңызды:
Медициналық көмекке уақытылы жүгіну және дәрігердің ұсынымдарын сақтау тиімді емделудің әрі қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілудің маңызды шарттары болып табылады.