
Дәрілік заттардың тиісті дистрибьюторлық практикасы стандарты (GDP) (бұдан әрі – Стандарт) сапаны қамтамасыз ету жүйесінің бөлігі болып табылады және дәрілік заттарды сақтауға, тасымалдауға және дистрибьюциялауға қатысты ережелерді белгілейді және дәрілік заттардың мақсатына сәйкес келетін сапа көрсеткіштері бойынша үнемі бақылануын қамтамасыз етеді. GDP Стандарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 4 ақпандағы «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен регламенттелген. Халықаралық деңгейде қабылданған GDP ережелеріне сәйкес фармацевтикалық дистрибьюторлар осы стандарттарға сәйкес келуі керек.
2025 жылғы 16-17 қаңтар аралығында "ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің СҚО бойынша Департаментінің" фармацевтикалық инспекторлары "МЕДСЕРВИС ПЛЮС ҚФК" ЖШС дәріхана қоймасының Солтүстік Қазақстан филиалында GDP стандартының талаптарына сәйкестігіне инспекция жүргізді. GDP сертификатын беру туралы шешім түзету және ескерту әрекеттері туралы Есепті қарағаннан кейін қабылданады.