Солтүстік Қазақстан облысында алқа отырысы өтті

Солтүстік Қазақстан облысында алқа отырысы өтті

2025 жылғы 7 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасарының төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті.

Отырыста ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Н. Сарымсақов жыл қорытындылары бойынша медициналық көмектің сапасына қатысты баяндама жасап, өңірдің ахуалына талдау жүргізіп, өзекті мәселелерді көтерді.

Жалпы, өңірдің денсаулық сақтау саласындағы дамуында оң динамика байқалады. Осы мәселелердің негізгі бағыттары төмендегідей:

 -  Халықтың медициналық қызметтерге қанағаттану деңгейі 58,2%-ға дейін өсті, бұл республикалық көрсеткіштен (54,6%) жоғары.

-  Тексерулер саны 17,24%-ға азайды (87-ден 72-ге дейін). Бұл медициналық ұйымдардағы «осында және қазір» қағидаты бойынша жұмыс істейтін пациенттерді қолдау қызметінің белсенді жұмысының нәтижесі.

-  Пациенттерді қолдау қызметінің сенім телефондары бойынша кері байланыс 100% қамтамасыз етілді. 2024 жылдың шілде айында бұл көрсеткіш небәрі 58% болған.

Аталған талдау сенім телефондарының өзектілігі мен қолжетімділігін, жауапты тұлғалардың бар-жоғын, сондай-ақ азаматтарды қабылдау кабинеттерінің бірінші қабатта орналасуын анықтау мақсатында жүргізілді.

Жалпы, бұл қызметтің тиімділігін арттыру қажеттілігі байқалады, бұл өз кезегінде халықтың қанағаттану деңгейіне оң әсерін тигізеді.

Қазіргі уақытта барлық ірі 29 медициналық ұйымында сенім телефондары жұмыс істейді және жауапты тұлғалар тағайындалған. Халықтың қолайлылығы үшін азаматтарды қабылдау кабинеттерін медициналық ұйымдардың бірінші қабатында орналастыру ұсынылды.

Сонымен қатар, телемедицинаны, денсаулық сақтау инфрақұрылымын және желісін дамыту, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық қызметтерді жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан оң жұмыстар атап өтілді.