Проведено совещание по противодействию коррупции

Проведено совещание по противодействию коррупции

2025 жылдың 5 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің инспекторы С.Н. Зайцева ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілік мәселелеріне және мемлекет қабылдап жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға ерекше назар аударылды.

Әңгіме барысында инспектор қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелерімен таныстырып, олардың мәні мен маңызын түсіндірді, сондай-ақ туындаған барлық сұрақтарға жауап берілді.