
Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы Батырхан Сарымсақов «Астана ТВ» телеарнасына облыстағы медициналық көмектің сапасына жүргізілген талдау нәтижелері туралы сұхбат берді.
Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі – медициналық ұйымдар ұсынатын қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне халықтың қанағаттану деңгейі.
Әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылы бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында 58,2%-ды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда (54,2%) 7,4%-ға жоғары. Республика бойынша орташа көрсеткіш – 54,6%.
Осылайша, соңғы үш жылда (2022 жылы – 52,4%; 2023 жылы – 54,2%) өңірде медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейінің тұрақты өсу үрдісі байқалуда.