СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының өкілімен семинар кеңес өткізілді

СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының өкілімен семинар кеңес өткізілді

2024 жылғы 10 желтоқсанда СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының бас маманы Н.А.Нұрмағамбетов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен экстремизмге қарсы құрылымды қалыптастыру, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік жеткізілді, деструктивті діни ағымдардың белгілері қаралды, сондай-ақ туындаған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.