Тамара Дүйсенова Солтүстік Қазақстан облысына барып, дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесін енгізумен танысты

Тамара Дүйсенова Солтүстік Қазақстан облысына барып, дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесін енгізумен танысты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара

Дүйсенова жұмыс сапары барысында Солтүстік Қазақстан облысына барды. Сапар барысында фармацевтика және дәрілік заттарды таңбалау жүйесін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сапар аясында Тамара Дүйсенова дәрілік заттарды таңбалау және бақылау жүйесін енгізудің тиімді процесін көрсететін әлеуметтік дәріханада болды. Көрнекі көрсетілім дәрі-дәрмектердің қозғалысын бағалауға мүмкіндік берді - бөлшек саудадан бастап пациентке беруге дейін.

Еске салайық, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан

Республикасында елге әкелінген және (немесе) оның аумағында өндірілген дәрілік заттардың міндетті таңбалануы мен қадағалануы енгізілді.

Осы жүйені енгізу:

- фармацевтикалық нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету: дәрілік заттардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі қозғалысын қадағалау.

- контрафактілік өнім айналымының алдын алу: жүйе жалған дәрілерді сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

- пациенттердің денсаулығын қорғау: жалған немесе сапасыз дәрілер денсаулыққа елеулі зиян келтіруі мүмкін. Таңбалау дәрілік препараттың түпнұсқалығын және оның шығу тегін тексеруге мүмкіндік береді.

«Дәрілік заттарды таңбалау жүйесін енгізу - елімізде медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы маңызды қадам», - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Өз кезегінде СҚО бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті мемлекеттің дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесін енгізу жөніндегі бастамасын белсенді қолдайды және оны табысты іске асыру үшін бар күш-жігерін салады.