Фармацевтикалық ұйымдардың өкілдері үшін фармацевтикалық қызметтегі нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру бойынша онлайн семинар.

Фармацевтикалық ұйымдардың өкілдері үшін фармацевтикалық қызметтегі нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру бойынша онлайн семинар.

2024 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) дәрігердің рецепті бойынша босатылатын дәрілік заттарды рецептісіз босату туралы келіп түскен ақпаратқа байланысты ZOOM бағдарламасы арқылы фармацевтикалық қызметтегі нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру бойынша онлайн семинар өткізді:

- «Рецептілерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығы;

- «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығы.

Семинар барысында қатысушылардан өздерін қызықтырған сұрақтар келіп түсті, оларға түсіндірме жауаптар берілді.

Семинар соңында қатысушыларға нормативтік-құқықтық актілер бойынша таныстырылым жіберілді.

Туындаған мәселелер бойынша кеңес алу үшін СҚО Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің СҚО департаментіне СҚО, Петропавл қ., 2-Кирпичная к-сі , 6/1, 3 қабат мекенжайы бойынша немесе 8 (7152) 50-75-19 телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.