«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Облыстық жедел медициналық көмек орталығы» ШЖҚ КМК -де сертификаттау және Денсаулық сақтау қызметкерлерінің біліктілік деңгейін беру және растау мәселелері бойынша кезекті семинар өткізілді

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Облыстық жедел медициналық көмек орталығы» ШЖҚ КМК -де сертификаттау және Денсаулық сақтау қызметкерлерінің біліктілік деңгейін беру және растау мәселелері бойынша кезекті семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 29 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Облыстық жедел медициналық көмек орталығы» ШЖҚ КМК ұжымымен семинар-кеңес өткізді.

Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы А. Ж. Ибраева қатысушыларды Мемлекеттік қызметтер көрсету бөлігіндегі Департаменттің қызметі туралы, Денсаулық сақтау қызметкерлерін сертификаттау және біліктілік деңгейін беру және растау мәселесіне қатысты заңнамадағы негізгі өзгерістер туралы хабардар етті. Департамент қызметкерлері азаматтарды тұрақты негізде қабылдайтынын атап өтті. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету кабинеті ұйымдастырылды. Азаматтар мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тұрақты негізде телефон арқылы кеңес алады.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес «клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде қолданылатын негізгі құқықтық актілер және денсаулық сақтау қызметкерлерінің Үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау, Денсаулық сақтау қызметкерлерінің біліктілік деңгейін беру және растау қағидалары туралы айтып берді «2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020».

Семинар барысында қатысушылардан Денсаулық сақтау қызметкерлерінің біліктілік деңгейін растау және тағайындау сертификатын алу бөлігінде өздерін қызықтырған сұрақтар келіп түсті, оларға толық жауаптар берілді.

Семинар қорытындысында қатысушылар сөз сөйлеушілерге мазмұнды және пайдалы ақпарат үшін алғыстарын білдіріп, осындай іс-шаралардың өзектілігін атап өтті.