Аппараттық кеңес өткізді

Аппараттық кеңес өткізді

2024 жылғы 24 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы Б. Н. Сарымсақов аппараттық кеңес өткізді.

Аппараттық кеңесте басшының орынбасары А. К. Такеева және бас маман –заңгер C. C. Тасмакинова жұмыс уақыты режимін сақтау бойынша баяндама жасады

Аппараттық кеңес үздік қызметкерлерді марапаттаумен аяқталды. Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы елеулі үлесі үшін, сондай-ақ Республика күнін мерекелеу құрметіне медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы Жақсыбек Шавкат уғлы Наширов және фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға мониторингі бөлімінің бас маманы Айгерим Ерболатқызы Айманова Алғыс хатпен марапатталды