Медициналық ұйымдар үшін Бірыңғай оператор, СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің қатысуымен ДЗ таңбалауға және қадағалауға қатысты онлайн семинар-кеңес өткізу туралы.

Медициналық ұйымдар үшін Бірыңғай оператор, СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің қатысуымен ДЗ таңбалауға және қадағалауға қатысты онлайн семинар-кеңес өткізу туралы.

2024 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу мәселелері бойынша "Қазақтелеком" АҚ Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің қатысуымен ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңес жеке медициналық ұйымдар мен стоматология үшін ұйымдастырылды.

Бірыңғай оператордың өкілі Горчинская Людмила дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесіндегі жеке медициналық ұйымдар мен стоматологиялардың жұмыс схемасы туралы презентация және баяндама жасады.

Семинар-кеңес барысында қатысушылардан өздерін қызықтырған сұрақтар келіп түсті, оларға түсіндірме жауаптар берілді.

Қорытындылай келе, семинар-кеңеске қатысушыларға дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауға қатысты презентациялар мен ақпарат, сондай-ақ туындаған мәселелер бойынша кеңес алу үшін Бірыңғай оператордың тегін жедел желісінің, Департаменттің байланыстары жіберілді.