GDP стандартын енгізу

GDP стандартын енгізу

Дәрілік заттардың тиісті дистрибьюторлық практикасы стандарты (GDP) (бұдан әрі – Стандарт) сапаны қамтамасыз ету жүйесінің бөлігі болып табылады және дәрілік заттарды сақтауға, тасымалдауға және дистрибьюциялауға қатысты ережелерді белгілейді және дәрілік заттардың мақсатына сәйкес келетін сапа көрсеткіштері бойынша үнемі бақылануын қамтамасыз етеді. GDP Стандарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 4 ақпандағы «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен регламенттелген. Осы стандарттың талаптарын сақтау жеткізу тізбегін бақылауды қамтамасыз етеді және дәрілік заттардың сапасы мен тұтастығын сақтауға мүмкіндік береді.

2024 жылғы 12-13 тамыз аралығында «Гелика» ЖШС Петропавл қаласындағы дәріханалық қоймасында GDP стандартының талаптарына сәйкестігіне фармацевтикалық инспекция жүргізілді. Бұл дәріханалық қойма дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың көтерме сатылуын жүзеге асырады. Түзету және ескерту әрекеттері туралы есепті қарау  нәтижесінде «Гелика» ЖШС GDP сертификатының иегері болды.