2023 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21 қазандағы қаулысымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне тұжырымдамалық өзгеріс енгізілді, онда қазір барлық дәрілік заттар 2024 жылғы 1 шілдеден бастап міндетті түрде таңбалануға және қадағалауға жатады.
Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы «Қазақтелеком» АҚ болып табылады
Дәрілік заттарды таңбалауға және қадағалауға қатысушылар дәрілік заттар айналымының барлық қатысушылары болып табылады.
2024 жылдың қыркүйегіне облыста Қазақтелеком АҚ тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу 91 субъект (100%) және көтерме саудада өткізу 4 субъект (100%) тіркелген.
2023-2024 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) «Қазақтелеком» АҚ Бірыңғай операторы өкілі Л.Горчинскаяның қатысуымен онлайн семинар-кеңестер өткізілді: 1) мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдарға; 2) дәріхана қоймаларының өкілдері үшін; 3) жеке дәріхана ұйымдарының өкілдері үшін. Семинар-кеңестер әр өкіл үшін бөлек өткізілді.
Сондай-ақ, Л. Горчинскаяның қатысуымен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының қызметкерлерімен мемлекеттік медициналық ұйымдар үшін, Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы қатысумен . жеке дәріхана ұйымдарының өкілдері үшін онлайн семинар-кеңестер өткізілді
Сонымен қатар, Департамент Басшысы облыстағы дәріхана қоймалары мен дәріхана өкілдерімен дәріхана ұйымдарында дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу кезінде туындайтын түйткілді мәселелерді талқылау мақсатында жеке кездесулер, әңгімелер, дөңгелек үстел өткізді.
Сондай-ақ 2024 жылғы 14-15 мамырда «Қазақтелеком» АҚ-ның жұмыс тобымен таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс жасау мәселелері бойынша дәріхана ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті. Семинарда «ОКА» ЖШС, «SMART PROGRAMS» ЖШС, «Webkassa Development» ЖШС техникалық қызмет көрсету орталықтарының өкілдері де сөз сөйледі. Бұдан кейін облыстың шалғай елді мекендерінде орналасқан дәріхана ұйымдарына онлайн семинар-кеңес өтті.
19.06.2024 жылы Департамент Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасымен, "Қазақтелеком" АҚ өкілімен, "Арида" ЖШС консалтингтік IT-компаниясының директоры және жетекші мамандарымен бірлесіп, есептік жүйені ИСМПТ-мен интеграциялау мәселесі бойынша дәріхана ұйымдарының өкілдерімен семинар өткізді. "Арида" ЖШС консалтингтік IT-компаниясы 1С бухгалтерлік есеп жүйесінің жеткізушісі болып табылады. Семинар Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының ғимаратында өткізілді және ZOOM бағдарламасы арқылы шалғай аудандардағы дәріхана ұйымдарының өкілдері үшін онлайн таратылды.
Кездесулерден басқа, департамент қызметкерлері қалалық дәріханаларды аралаумен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дәріханаларға дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесі туралы толығырақ ақпараттан тұратын брошюралар таратылды.
2024 жылғы 18-19 шілдеде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ жұмыс тобымен бірлесіп, дәріханалар мен медициналық ұйымдардың дәрілік заттарды таңбалауды және қадағалануын енгізуге дайындығына жер-жерде мониторинг жүргізілді.
Басқарманың ресми сайтында, мемлекеттік және орыс тілдерінде 16 жарияланым, Instagram – 12, Facebook – 13 ресми әлеуметтік желілерде жарияланды.
Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауға қатысты туындаған мәселелер бойынша кеңес алу үшін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің СҚО бойынша департаментіне 8 (7152) 50-75-19 нөмірі бойынша хабарласуыңызды немесе бірыңғай оператордың 8 (800) 080 65 65 цифрлық таңбалау бойынша тегін жедел желісінің телефон нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.