Көтерме және бөлшек дәріхана желісінде Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын қалай реттеуге болады?

Көтерме және бөлшек дәріхана желісінде Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын қалай реттеуге болады?

Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № ҚР ДСМ-465 бұйрығымен бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттардың  6 890 саудалық атауына шекті бағалар бекітілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі аясында дәрілік заттардың шекті бағасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 426-бабына сәйкес шекті бағалардың белгіленген нормадан асып кету бойынша шаралар қабылдайды.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаны бақылау шеңберінде 2024 жылдың 1 жартыжылдығында елде 2,5 млн. теңге сомасына айыппұл салумен дәрілік заттарға шекті бағадан асып кетудің 4 фактісі анықталды. Солтүстік Қазақстан облысында 2024 жылдың 1 жартыжылдығында бұл факт анықталған жоқ.

Шекті бағадан жоғары сату фактісі анықталған жағдайда, халық дәлелді құжаттармен (дәрі-дәрмектер мен сатуға арналған чекпен) e-otinish базасы (Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы) арқылы өтініш бере алады немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне тікелей жүгіне алады. Сондай-ақ, шекті бағадан асып кетуге қатысты ақпаратты DARI.KZ мобильді қосымша арқылы жіберуге болады.