Дәрілік препараттарды таңбалау жүйесінде тіркеу, қабылдау және айналымнан шығару жөніндегі қадамдық нұсқаулық

Дәрілік препараттарды таңбалау жүйесінде тіркеу, қабылдау және айналымнан шығару жөніндегі қадамдық нұсқаулық

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2024 жылғы 1 шілдеден бастап барлық дәрілік заттарды міндетті таңбалау және қадағалау енгізілгенін еске салады.

Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы «Қазақтелеком» АҚ болып табылады.

Дәрілік заттарды таңбалауға және қадағалауға қатысушылар дәрілік заттар айналымының барлық қатысушылары болып табылады.

Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізуге байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-11 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көрсетілген талаптарды сақтау қажет.

Қағидаға сәйкес міндетті сақтау тәртібі келесі негізгі талаптарды қамтиды:

1) дәрілік айналымға қатысушыларды тіркеуден өту тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде «Қазақтелеком» АҚ (бұдан әрі-ТТҚ АЖ);

2) дәрілік заттар айналысына қатысушылар болып табылатын субъектілерді дәрілік заттарды таңбалауға және қадағалауға арналған жабдықтармен жарақтандыру;

3) дәрілік айналымға қатысушылардың есепке алу жүйелерін ТТҚ АЖ-мен, не «Қазақтелеком» АҚ «NS Pharm» мобильдік қосымшасын пайдаланумен интеграциялау, не www.ismet.kz web-интерфейсте жұмысты қамтамасыз ету.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, мәлімет және жұмыста пайдалану үшін Департамент Дәрілік препараттарды таңбалау жүйесінде тіркеу, қабылдау және айналымнан шығару жөніндегі қадамдық нұсқаулықты жолдайды.

Ismet.kz порталында компанияның тіркелуін және тіркеудің қадамдық нұсқаулығымен Бірыңғай оператор «Қазақстандағы цифрлық таңбалау» АҚ  -ның www.youtube.com/@markirovkakz You Tube каналында танысуға болады.

Туындаған мәселелер бойынша кеңес алу үшін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің СҚО бойынша департаментіне 8 (7152) 50-75-19 нөмірі бойынша хабарласуыңызды немесе бірыңғай оператордың 8 (800) 080 65 65 цифрлық таңбалау бойынша тегін жедел желісінің телефон нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.