Мемлекеттік корпорацияның бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлерімен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта оқыту семинарын өткізді

Мемлекеттік корпорацияның бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлерімен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта оқыту семинарын өткізді

2024 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік корпорацияның бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлерімен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта оқыту семинарын өткізді.

Кеңес барысында келесі тақырыптар көтерілді:

- Медициналық қызметке лицензия және (немесе) қосымшалар беру;

-лицензияны қайта ресімдеу; 

-лицензияны тоқтату және тоқтата тұру.

Ақпарат презентация-слайдтарды қолдана отырып, қатысушыларға жеткізілді. Іс-шара барысында медициналық қызметке лицензия және (немесе) қосымшалар беру мәселелері талқыланды.