
2024 жылдың 28 тамызда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидалары бойынша онлайн форматта семинар-кеңес өткізілді.
Семинарда мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, қызметтік әдеп нормаларын бұзу, оның ішінде мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар мәселелері қозғалды.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға және азаматтардың алдында мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге ерекше назар аударылды. Осы бағытта мемлекеттік қызметшілер арасында тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.