Қызмет мәселені медициналық ұйымнан тыс жерге шығармай, ішкі шешуге мүдделі.
Қызмет өзінің медициналық ұйымындағы жағдайды, оның ішінде кемшіліктері мен қиындықтарын біледі, сондықтан туындаған проблеманы тез анықтайды.
Қызметтің барлық қажетті ақпаратқа, ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар.
Қызмет өзінің медициналық ұйымының медициналық персоналымен таныс және дәрігермен келіссөздер арқылы белгілі бір мәселелерді шешуге ықпал етуі мүмкін.
Түсіндіру, консультациялық сипаттағы мәселелер кезінде қызмет қызметкерлері өтініш берушінің мәселесін тез арада шеше алады;
Басшылыққа тікелей жақын бола отырып, қызмет оған анықталған бұзушылықтар туралы оларды жою жөнінде жедел шаралар қабылдау үшін хабарлай алады.
Егер сіздің мәселеңізді Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі шешпесе, сіз әрқашан ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне, Денсаулық сақтау басқармасына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз.