
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің мамандары Мамлют ауданының денсаулық сақтау саласындағы мамандары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Оқыту «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы маман сертификатын беру» және GPP стандарттарын енгізу тақырыбында жүргізілді.
Оқыту барысында қызметкерлерге өтінім беру бойынша қадамдық нұсқаулықтар берілді. Сондай-ақ, осы оқытуда түлектерге, 5 жылдан астам еңбек өтілі бар мамандарға және мамандығы бойынша еңбек қызметінде 3 жылдан астам үзілісі бар адамдарға өтінішті қалыптастыру кезінде қандай құжаттар қажет екеніне назар аударылды.
Семинарда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ -9 «Тиісті фармацевтикалық практикалар бойынша фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес тиісті дәріхана практикасы стандартының (GPP) бөлімдері және инспекциялар жүргізу тәртібі түсіндірілді.
Сөз сөйлегеннен кейін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы маманды сертификаттау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша консультацияларды 8 (7152) 70-11-51 телефон арқылы алуға болады.