
2024 жылғы 17 шілдеде құқықтық жалпы оқыту шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл А.К.Такеева «2015 жылғы 29 желтоқсан №153ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» тақырыбы бойынша кеңес өткізді.
Кеңес барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттары мен қағидаттарын сақтау мәселелері, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметте болуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы әзірлеген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне түсініктемелер» таныстыруға ұсынылды.