Қазақстан Республикасы Мемлекеттік корпорациясының Бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлерін онлайн форматта оқыту бойынша ZOOM платформасы арқылы семинар өткізілді

Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік корпорациясының  Бірыңғай байланыс орталығының  қызметкерлерін онлайн форматта  оқыту бойынша ZOOM платформасы  арқылы семинар өткізілді

«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Г.Б.Жұмағазина Қостанай, Астана, Көкшетау, Қызылорда Шымкент, Тараз және Петропавл қалаларының «Бірыңғай байланыс орталығы» жеті алаңына оқыту жүргізді.

Оқыту «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы маман сертификатын беру» тақырыбына жүргізілді. Оқыту барысында қызметкерлерге өтінім беру бойынша қадамдық нұсқаулықтар берілді. Сондай-ақ, осы оқытуда түлектерге, 5 жылдан астам еңбек өтілі бар мамандарға және мамандығы бойынша еңбек қызметінде 3 жылдан астам үзілісі бар адамдарға өтінішті қалыптастыру кезінде қандай құжаттар қажет екеніне назар аударылды. Сөз сөйлегеннен кейін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы маманды сертификаттау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.  

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша консультацияларды 8 (7152) 70-11-51 телефоны бойынша алуға болады.