
2024 жылғы 18 маусымда Әдеп жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) басшысының орынбасары А.К. Такеева, Департаменттің бас маманы - заңгері С. С. Тасмакинова Мемлекеттік қызметке алғаш кірген адаммен Құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізді.
Әңгімелесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттары мен қағидаттарын сақтау, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметте болуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, сондай-ақ мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін азаматтарға қатысты кәсіпкерлік қызметпен айналысу және мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша шектеулерді сақтау мәселелері талқыланды