
2024 жылғы 27 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы және ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдар бірлесіп пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің (бұдан әрі-ПҚжІСҚ) жұмысы бойынша кеңес өткізді.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті медициналық ұйымдарда ПҚжІСҚ мониторингінің нәтижелерін, атап айтқанда ПҚжІСҚ-не қолжетімділікті қамтамасыз етуді және денсаулық сақтау саласындағы мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелерін ұсынды. ПҚжІСҚ жұмысының қолда бар кемшіліктері, оның ішінде кадрлардың тапшылығы, медициналық көмек көрсету сапасына шағымдардың өсуі, ПҚжІСҚ өтініштерін қарау мүмкіндігіне халықтың төмен қызығушылығы, ПҚжІСҚ-не халықтың қолжетімділігін жеткіліксіз ұйымдастыру және т.б. талқыланды. Сондай-ақ, медициналық ұйымдармен көрсетілетін медициналық қызметтердің (көмектің) сапасын арттыру, ПҚжІСҚ жұмысының сапасын күшейту және медициналық ұйымдардың халықпен өзара іс-қимылын және кері байланысты арттыру мақсатында проблемалық мәселелерді шешу жолдары қаралды.
Өз кезегінде, ПҚжІСҚ пациенттердің медициналық қызметтерді алу процесінде туындаған жағдайларды реттеумен айналысатынын, жалпы медициналық ұйымның медициналық көмек сапасын басқару жөніндегі қызметін үйлестіретінін атап өткен жөн. Ол пациенттердің проблемаларын қарайды және шешеді ғана емес, сонымен қатар өз кадрларын, жабдықтарын пайдаланудың тиімділігін бағалайды, медициналық көмек көрсету технологияларын, тегін көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережелерінің, диагностика және емдеу хаттамаларының сақталуын, медициналық сақтандыру қызметтерін көрсетуді тексереді, ақаулардың алдын алу және жою бойынша жұмыс жүргізеді, медициналық көмек көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша персоналды оқытуды жүргізеді.
Кеңес қорытындысы бойынша ПҚжІСҚ жұмысын жетілдіру және халықтың медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттануын арттыру бойынша тапсырмалар мен ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, ПҚжІСҚ құзыретіне жататын сұрақтар бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында орналасқан ресми сайттар мен ақпараттық стендтерде (плакаттар, посттар және т.б.) көрсетілген телефондарға хабарласуға болатынын қосымша хабарлаймыз.