Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасымен дәрілік заттарды міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу бойынша бірлескен жұмыс.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасымен дәрілік заттарды міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу бойынша бірлескен жұмыс.

Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен жұмыс жүргізуде. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының жұмысына көмектесу үшін облыс аудандарының әрбір медициналық ұйымынан мамандар бөлінді. Бұл жұмыстың мақсаты дәріхана ұйымдарына, әсіресе шалғай аудандардағыларға бару арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Сапардың негізгі мақсаты фармацевтикалық қызметкерлерді 2024 жылғы 1 шілдеден бастап дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізуге байланысты алдағы өзгерістер туралы хабардар ету болып табылады.

Фармацевтермен түсіндіру жұмыстары кезінде мамандар дәрі-дәрмектерді таңбалау және қадағалау жүйесінің не екенін, сондай-ақ оның дәріханалардың күнделікті жұмысына қалай әсер ететінін түсіндіреді.

Фармацевтикалық қызметкерлерді жаңашылдықтарға дайындауға қолдау көрсету үшін дәріханаларға барғандардың барлығына дәрілік заттарды таңбалау және бақылау жүйесі туралы толығырақ ақпаратты қамтитын кітапшалар табыс етілді. Бұл кітапшалар Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерді түсінуді қамтамасыз ету үшін пайдалы ресурс болып табылады.

Түсіндіру және дайындау жұмыстары жалғасуда.

Еске салайық, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті түрде таңбалау және бақылау енгізіледі. Бұл жүйе дәрілік заттар нарығын контрафактіден, қолдан жасаудан және заңсыз айналымнан қорғауға мүмкіндік береді.