Дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын дәрілік заттар және медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектілер 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап GDP стандартының талаптарын сақтауға міндетті.
Тиісті дистрибьюторлық практика стандартының (GDP) мақсаты дәрілік заттардың бүкіл жеткізу тізбегі бойынша сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті сақтауды, тасымалдау және тарату шарттарын сақтау сондай-ақ жалған дәрілік заттардың жеткізу тізбегіне ену қаупін болдырмау.
2024 жылдың маусым айында «Казахстанская фармацевтическая компания «МЕДСЕРВИС ПЛЮС» ЖШС филиалында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің инспекторларымен фармацевтикалық инспекция жүргізілді.