
2024 ж.19.06-да Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Солтүстік Қазақстан облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында фармацевтикалық ұйымдар үшін дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу бойынша кеңес өткізді.
Негізгі тақырып: фармацевтикалық ұйымдардың есепке алу жүйесін тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесімен интеграциялау (ИСМПТ). Осы тақырып бойынша 1С есеп жүйесінің жеткізушісі болып табылатын «Арида» ЖШС консалтингтік компаниясының өкілдері мен мамандары баяндама жасады.
Сонымен қатар, кеңеске «Қазақтелеком» АҚ өкілі Горчинская Людмила да қатысты.
Кеңес барысында фармацевтикалық ұйымдар тарапынан интеграция жүргізу кезінде, сондай-ақ тұтастай алғанда дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу кезінде туындайтын проблемалық сұрақтар қойылды. Жауаптар «Арида» ЖШС компаниясы тарапынан және «Қазақтелеком» АҚ өкілінен берілді.
Сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ өкілі интеграцияның болмауы таңбалау жүйесінде жұмыс істеуге кедергі болмайтынын атап өтті, өйткені ИСМПТ веб-порталы арқылы жұмыс істеу мүмкіндігі бар.
Шалғай аудандардағы фармацевтикалық ұйымдар үшін жиналыс ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн форматта көрсетілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды міндетті таңбалау және қадағалау енгізіледі. Аталған жобаның бірыңғай операторы «Қазақтелеком» АҚ болып табылады.
Жүйені енгізудің толық нұсқаулығымен markirovka.ismet.kz сайтта және «Қазақстандағы цифрлық таңбалау» You tube арнасында танысуға болады.
Туындаған мәселелер бойынша кеңес алу үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің СҚО бойынша департаментіне 8 (7152) 50-75-19 телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.