
2024 жылы 27 мамырда Департаментте азаматтарды құқықтық актілерді түсіндіре отырып, олардың құқықтары туралы хабардар етуді дамыту мақсатында, сондай-ақ Департамент құзыреті шеңберіндегі мәселелер бойынша «Ашық есік күні» өтті.
Департамент бөлімінің басшысы Қасенгалиева Мирасгуль кеңес өткізіп, фармацевтикалық қызмет субъектісі өкілінің сұрақтарына жауап берді. GPP стандартын енгізу бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ түзету іс-шараларының жоспары және жүргізілген инспекция нәтижелері бойынша оның орындалуы туралы есеп қаралды.