Департаменттің үздік мемлекеттік қызметшісі Тасмакинова Сәуле Серекбайқызы

Департаменттің үздік мемлекеттік қызметшісі Тасмакинова Сәуле Серекбайқызы

Мемлекеттік қызмет күні қарсаңында біз сіздерге СҚО бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің ең үздік қызметкерлерінің бірі - Тасмакинова Сәуле Серекбайқызын мақтанышпен таныстырамыз!

Сәуле Серікбайқызы - персоналды басқару жөніндегі бас маман-заңгер, оның кәсібилігі, мақсаткерлігі мен өз ісіне берілгендігі өңірдің барлық мемлекеттік қызметшілері үшін үлгі болып табылады.

Сәуле Серікбайқызы Солтүстік Қазақстан облысында, Мамлют ауданында, Мамлютка қаласында дүниеге келген. 2018 жылы Мәскеудегі Ресей Федерациясының ұлттық бизнес институтын сәтті бітіріп, "Құқықтану" мамандығы бойынша диплом алды.

Сәуле Серекбайқызы еңбек жолын «Мамлют ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ-де кадрлар жөніндегі инспектор болып бастаған. 2020 жылдан бастап ол өзін денсаулық сақтау саласындағы жұмысқа арнады, онда өзін жоғары білікті әрі жауапты маман ретінде жылдам көрсетті.

Әріптестері оның сыпайылығын, орындаушылығын, жауапкершілігі мен адалдығын атап өтеді. Сәуле Серекбайқызы ерекше ұйымдастырушылық қабілетке ие, қойылған міндеттерді әрқашан нақты және уақытылы орындайды. Ол мейірімді, мақсатты және тамаша ана. Тұрмыста, үш бала тәрбиелеп отыр.

Осы мереке күні біз Сәуле Серекбайқызына оның кәсібилігі, еңбексүйгіштігі мен іске деген адалдығы үшін алғыс білдіреміз. Оның біздің облыста медициналық және фармацевтикалық бақылауды дамытуға қосқан үлесі баға жетпес.

Оған кәсіби қызметте табыс, денсаулық, бақыт және сіздің керемет отбасыңызға амандық тілейміз!