Тәртіптік жаза қолдану ережелері бойынша жиналыс өтті.

Тәртіптік жаза қолдану ережелері бойынша жиналыс өтті.

2024 жылғы 10 маусымда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде онлайн форматта Департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидалары бойынша семинар-кеңес өтті.

Баяндамашы ретінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің бас маманы А.Қ. Уразымбетов сөз сөйледі. Семинарда тәртіптік жауапкершілік рәсімдері, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру мәселелері талқыланды. Баяндамашы тыңдаушыларды жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде АГДС жүргізген талдаумен таныстырып, тәртіптік практикадан мысалдар келтірді. Сондай-ақ, қызметтік әдеп нормаларын бұзу, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар мәселелері қозғалды.

            Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту және тәртіптік комиссиялардың жұмысына қатысты сұрақтар қойылды.  Осы бағытта ішкі оқыту аясында мемлекеттік қызметшілер арасында тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.