2024 жылғы маусымда «Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің СҚО бойынша департаментінің» РММ инспекторлары Петропавл қаласында «Витава» ЖШС «Сердечная» дәріханасының GPP тиісті дәріхана практикасы стандартының талаптарына сәйкестігіне инспекция жүргізді. Инспекция қорытындысы бойынша «Витава» ЖШС меңгерушісіне GPP талаптарына сәйкестігі туралы сертификаты берілді.
Бұл стандарт дәріхана қызметкерлері халыққа көрсететін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету ережелерін реттейді. GPP Стандарты халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, оған дәрілік зат туралы дұрыс ақпарат беруге, рецепт бойынша берілетін препараттарды ұтымды қолдануды және өзін-өзі емдеу кезінде көмек көрсетуге бағыттталған.