
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізіліміне енгізілген Департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында профилактикалық жұмыс жүргізу шеңберіндегі кезекті кеңес.
Мақсаты қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі қолданыстағы бағдарламалық құжаттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша статистикалық деректер, мемлекеттік органдардың азаматтар алдында есептілігін, ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету тетіктері туралы хабардар ету болып табылады.