
Ағымдағы жылдың 14-15 мамыр аралығында Тауарларды таңбалау және қадағалау бірыңғай операторының өкілдері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (МФБКД) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Петропавл қаласындағы МФБКД алаңында қала мен облыстың дәріхана ұйымдарының өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттар міндетті түрде таңбалауға жатады.
Жүргізілген жұмыс барысында ірі және шағын желілік дәріханалардың, қалалық, аудандық және ауылдық дәріханалардың өкілдеріне дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесінде тіркеу, электронды цифрлық қолтаңба алу үшін қадамдық визуалды алгоритмі бар бірқатар оқыту бейнероликтері көрсетілді.
Бірыңғай оператор NS Pharm мобильді қосымшасында жұмыс істеу үшін қол қою, дәрілік заттарды қабылдау/тапсыру актісін жасау және қабылдау, бақылау-касса машинасы, жылжымалы кассалар арқылы дәрілік заттарды тауар айналымынан алу және дәрілік заттарды алып қою туралы хабарламаны құру бойынша бейнероликтерді көрсетті.
Дәріхана ұйымдарының иелері мен өкілдері ақпаратқа, түсіндіруге және тәжірибелік сабақтарға жоғары қызығушылық танытты. Дәріхана өкілдері тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінде жұмыс істеу туралы да, сонымен қатар жалпы сипаттағы сұрақтар - тауарларды таңбалау мақсаттары, оң әсерлері, нәтижелер туралы және т.б. сұрақтар қойды.
Кездесу нәтижесінде сұрақтарды талдап, жан-жақты жауап бергеннен кейін Бірыңғай оператор қызметкерлері Бірыңғай оператормен, оның техникалық қызметтерімен және жобалық кеңсе өкілдерімен байланысу үшін қажетті байланыс ақпаратын ұсынды.