
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті денсаулық сақтау мамандарын тәуелсіз сарапшылардың республикалық тізіліміне енгізу үшін өз кандидатурасын беруге және облыстың медициналық ұйымдарының медициналық қызметтерінің (көмегінің)сапасына тәуелсіз сараптама жүргізуді жүзеге асыруға шақырады.
Айта кету керек, маман дәрігер үшін тәуелсіз сарапшы мәртебесі бұл өзінің кәсіби қызметінде біліктілік деңгейін үнемі арттыру, заңдылық пен әділеттілік қағидатын сақтау, денсаулық сақтау саласындағы өзінің кәсіби дағдылары мен тәжірибесін, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы дәрігердің беделін қолдану мүмкіндігі.
Тәуелсіз сарапшылардың Тізіліміне енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Жеке куәландыратын құжат;
2) Жоғары медициналық білім туралы диплом (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар үшін Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);
3) Мәлімделетін мамандық бойынша тәуелсіз сараптама бойынша қызмет атқару бастаған сәтке мәлімделетін мамандық бойынша кемінде 7 жыл үздіксіз еңбек болуын растайтын құжат (Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 35 бабына сәйкес еңбек кітапшасы немесе өзге де құжат);
4) Тәуелсіз сараптама жүргізу мәселелері бойынша жалпы көлемінде 4 кредиттен кем емес (120 сағат) соңғы 5 жылда қосымша және бейресми білім алғанын растайтын құжат;
5) Жеке тұлғаның біліктілігін және оның клиникалық практикаға дайындығын қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы кәсіби қызметке дайындығын растайтын Денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты (клиникалық практикамен айналыстаны адамдар үшін);
Тәуелсіз сарапшының негізгі жұмыспен ұштастыруға, қашықтан тәуелсіз сараптама жүргізуге құқығы бар екенін, сот талқылауларына қатысу талап етілмейтінін қосымша хабарлаймыз.
Толығырақ ақпарат алу үшін Департаменттің медициналық қызметті бақылау бөліміне (Кожанова Анар Нурланқызы) 8(7152) 70-80-01 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.