Солтүстік Қазақстан облысында тиісті дәріхана практикасы стандартын (GPP) енгізу жалғасуда.

Солтүстік Қазақстан облысында тиісті дәріхана практикасы стандартын (GPP) енгізу жалғасуда.

       GPP сертификаты-бұл пациенттердің игілігіне бағытталған сервистік қызметтердің жоғары деңгейіне және сапасына сәйкестігі.

       GPP дәрі-дәрмектерді қауіпсіз және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін фармацевтер өз тәжірибелерінде ұстанатын принциптер мен міндеттерді анықтайды.

      Мамыр айында Департаменттің фармацевтикалық инспекторлары М.О. Касенгалиева, А. М. Есембекова СҚО, Петропавл қаласында орналасқан «Дәуір фарм» ЖШС дәріханасында GPP стандарттарына сәйкестігіне инспекция жүргізді.