Барлық дәрілік заттарды таңбалау және оларды қадағалау 2024 жылғы 1 шілдеден бастап енгізіледі.

Барлық дәрілік заттарды таңбалау және оларды қадағалау 2024 жылғы 1 шілдеден бастап енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп «Атамекен» ҰКП алаңында дәрілік заттардың айналымы саласындағы субъектілермен дәрілік заттарды таңбалауды енгізу мәселесі бойынша онлайн форматта бірнеше рет семинар-кеңестер өткізді.

«Қазақтелеком» АҚ өкілі дәріханаларда дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу, оның ішінде есепке алу жүйелерімен интеграциялау тетігін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Кеңес барысында туындаған барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді.

Туындаған мәселелер бойынша СҚО Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 8 (7152) 50-75-19 нөмірі бойынша департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз.