24.04.2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы облыс аумағында жұмыс істейтін дәріхана ұйымдарының басшыларымен Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу мәселесі бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында дәріханада дәрілік заттарды таңбалауды және қадағалауды енгізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер қаралды, атап айтқанда: қажетті жабдықтарды таңдау және сатып алу, ИСМЕТ сайтында тіркеу, оператордың АЖ есепке алу жүйесін интеграциялау.
Сондай-ақ, дәріханада тиісті интернет немесе дербес компьютер болмаған жағдайда NS PHARM мобильді қосымшасының көмегімен дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесінде жұмыс жүргізуге болатыны айтылды. Бұл қосымшаны «Қазақтелеком» АҚ бірыңғай операторы әзірледі және жүктеп алуға қолжетімді.
Еске салайық, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасына әкелінген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген дәрілік заттардың міндетті таңбалануы мен қадағалануы енгізіледі. Аталған жобаның бірыңғай операторы «Қазақтелеком» АҚ болып табылады.
Жүйені енгізудің егжей-тегжейлі нұсқаулығымен markirovka.ismet.kz сайтында және «Қазақстандағы цифрлық таңбалау» You tube каналында танысуға болады.
Туындаған сұрақтар бойынша кеңес алу үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің СҚО бойынша департаментіне 8 (7152) 50-75-19 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.