Дәрілік заттарға шекті бағалардың сақталуы туралы.

Дәрілік заттарға шекті бағалардың сақталуы туралы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті күнделікті негізде дәрілік заттардың шекті бөлшек сауда бағаларына мониторинг жүргізеді.

Мониторинг Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № ҚР ДСМ-94 "дәрілік заттың сауда атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың сауда атауына шекті бағаларды бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Осылайша фармацевтикалық ұйымдар осы бұйрықта белгіленген бағадан аспайтын дәрілік заттарды сатуы тиіс.

Фармацевтикалық ұйымдар шекті бағадан асып кету фактілерін анықтаған жағдайда халық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне дәріхананың мекенжайын көрсете отырып және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш жіберуге немесе 8-715-2-70-80-01 телефоны арқылы хабарлауға құқылы.