Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу мәселесі бойынша дәріхана қоймаларының басшыларымен кездесу

Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу мәселесі бойынша дәріхана қоймаларының басшыларымен кездесу

12.04.2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті департаментінің Басшысы Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу мәселесі бойынша, облыс аумағында жұмыс істейтін, дәріхана қоймаларының басшыларымен жеке кездесулер өткізді.

Кездесу барысында дәріхана қоймаларында дәрілік заттарды таңбалауды және қадағалауды енгізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер қаралды. Сондай-ақ жабдықтарды сатып алу, есепке алу жүйесін Оператордың АЖ-мен уақтылы ықпалдастыру және дәрілік заттарды таңбалау жөніндегі заңнама нормаларын сақтау қажеттігі туралы хабарланды.

Бұдан басқа, тұрақты негізде дәрілік заттарды таңбалауға және қадағалауға қатысушылармен семинарлар, кездесулер өткізіледі, сондай-ақ телефон арқылы түсіндірме жауаптар беріледі.

Еске салайық, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасына әкелінген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген дәрілік заттардың міндетті таңбалануы мен қадағалануы енгізіледі. Аталған жобаның бірыңғай операторы «Қазақтелеком» АҚ болып табылады.

Туындаған сұрақтар бойынша кеңес алу үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің СҚО бойынша департаментіне 8 (7152) 50-75-19 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.