Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті медициналық қызметпен қамтамасыз етілмейтін денсаулық сақтау субъектілерінің назарын аударады.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес медициналық қызмет тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті.
Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 464-бабында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзғаны, оның ішінде лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарына айыппұл түрінде сәйкес келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген:
- жеке тұлғаларға он бес мөлшерінде;
- лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес мөлшерінде;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне-сексен мөлшерінде;
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-лицензияның қолданылуын тоқтата тұра отырып немесе онсыз бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Осылайша, медициналық қызметті жүзеге асыру тоқтатылған денсаулық сақтау субъектілері лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтатуға өтінім беруі қажет.
Толығырақ ақпарат алу үшін 70-80-04 телефонына хабарласуға болады.